Талдықорған: +9°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Бірлесудің пайдасы мол

2 ақпан 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтар үшін түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Жақында Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы Руслан Тұрсынов пен ауылшаруашылығы бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің өкілдері осы мақсатпен Арасан және Ақсу ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосу барысында кәсіпкерлерді биылға қарастырылған несиелендіру мен субсидия бөлу мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Шаруалардың сөзінше, олар жылды қарызсыз бастауы үшін қаржыландыруға қатысты сұрақтар көктемгі егіс науқанына дейін шешілуі тиіс. Руслан Несіпбайұлы жиынға қатысушыларға «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқыту басталатынын хабарлады. Сондай-ақ ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін жобаның ауданда биыл бірінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. 
Осы жылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жеке бизнес-жоспарларын «Бастау Бизнес» кәсіпкерлікке оқыту жобасы бойынша жүзеге асыра алады. Оқытуды үздік бизнес-тренерлер өткізіп, бір айға жуық мерзім ішінде кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырын үйретеді. «Жоба нәтижесі жаман емес, ауыл тұрғындары үшін елеулі қолдау болады деген сенімдеміз», – деді бұл орайда Руслан Несіпбайұлы. 
Сонымен бірге, филиал басшысы ауылшаруашылығы кооперативтерінің қызметі бойынша сұрақтарға жауап берді. «Өткен жылы біз ауылдардағы кәсіпкерлерді кооперативке бірігіп, істі дамытуға шақырған болатынбыз. Қолға алынған шаралар нәтижесінде үш ірі ауылшаруашылығы кооперативі 150 млн. теңгеден астам қаражатқа қаржыландырылды. Мысалы, 24 мүшесі бар «Бақкон» кооперативі 52 млн. теңгеге қаржыландырылды. Олар жабдықтар мен 220 бас ірі қара мал сатып алды. Былтыр кооператив 120 тонна сүт өндіріп, Қазақстандағы ірі сүт зауыты «Фудмастермен» өнім өткізу бойынша келісімге келді», – деді Руслан Несіпбайұлы. 
Филиал басшысы сондай-ақ, кооперативтің табысты жұмысының басқа кәсіпкерлер үшін үлгі екенін назарға алды. Бүгінде ауылшаруашылығы кооперативіне алпыс шақты адам бірікті. Олар кооперацияның артықшылықтарын байқап, бабын тапса істі табысты және олжалы жүргізуге болатынына көз жеткізді. Алдағы уақытта да Кәсіпкерлер палатасы Егінсу мен Матай ауылдық округтеріне шығып, кәсіпкерлермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Ақсу ауданында 3,4 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылы өндірген өнім көлемі 1,8 млрд. теңгені құрды. 

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.