Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«ДҮРЛІГУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

10.03.2020
ЭКОНОМИКА
"ДҮРЛІГУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ": ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен аймақта құрылған дағдарысқа қарсы жедел штабтың бірінші отырысы өтті. Жиында ел Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын өңірде жүзеге асырудың негізгі бағыттары айқындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында аймақ басшысы дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау мен оларды жүзеге асыруды Елбасы мен Президент өз бақылауларына алғанын атап өтті. Үкіметте арнайы штаб құрылып, оның іс-шаралар жоспары әзірленгенін айтты. Соған орай орай облыста да осындай штаб жұмыс істейтін болады. Амандық Баталовтың тапсырмасымен алдағы екі күнде оның іс-жоспары айқындалмақ.

Штаб жұмысын облыс әкімі Амандық Баталов басқарады. Жұмыс тобының құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма, департамент басшылары, аудан, қала әкімдері, «Жетісу» ӘКК басшылығы енгізілді.

Облыс әкімі өз сөзінде осы бағыттағы басты шаралар ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорының жұмысын жандандыру, тауарлар, қызметтер, тарифтер мен коммуналдық қызметтер бағасын бақылау, еңбек нарығында тұрақтылықты сақтау және жағдайды мониторингілеп отыру, «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына несие беруді жалғастыру, еңбек қатынастарын қорғау мақсатында орта және ірі кәсіпорындармен меморандумдарға отыру, жалақы қарыздарын болдырмау керектігін қатаң ескертті. Сол сияқты көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастауды, азық-түлік қауіпсіздігін, нарықты ауылшаруашылығы өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етуді де басты назарда ұстауы керектігін тапсырды.

Өз кезегінде әкім «Даму» қорымен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беруді қосымша қаржыландыру жайын да қарастырған жөн екендігін, облыстағы ірі кәсіпорындар өз жағдайларының дамуына қатысты болжамды нұсқалар жасауы тиістігін әңгімеледі. Сондай-ақ, қазақстандық мазмұнды ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінуі керек.

А.Баталов имидждік шараларды өткізуге бағытталған шығындарды және бюджеттің басымдық берілмейтін шығындарын қысқарту, көлік, жиһаз сатып алуды тоқтату қажеттігін де айтты. Облыс аумағында коронавирус инфекциясының туындауы мен таралуына жол бермеуді басты міндет ретінде атап өтті.

— Мемлекет басшысы ең алдымен халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Оған бізде қаржы толық көлемде қарастырылған. Қажет болса, маңызды емес шығындарды қысқарту есебінен бұл қаржы көлемін арттыра аламыз. Биыл 46 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Оған қоса біз еңбек нарығының қажеттілігін зерттеп, біліп отыруымыз керек, және соған қарай кадрларды қайта оқытып, жұмысқа орналастыруға тиіспіз. Облыста жүзеге асырылып жатқан ірі-ірі жобалар бар, соларға қажетті мамандықтарды айқындап, азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтуды белсенді атқаруымыз керек. Дүрлігудің қажеті жоқ, бұрын қалай жұмыс істесек, дәл солай жұмыс жасаймыз. Тек қоғамдық-саяси тұрақтылықты бақылау, бағаны мониторингілеу сияқты маңызды жұмыстардың қарқынын күшейтуіміз керек. Бұл облысқа ғана емес, барлық аудан, қалаларға да қатысты, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Твиттер» парақшасында да өткізілген жиынның ауқымдылығын түсіндіріп, жазба қалдырды. «Алматы облысының жедел әрекет ету штабының отырысын өткіздім. Күн тәртібінде экономикалық мәселелер қаралды. Өз кезегінде орынбасарларыма және басқарма басшыларына әр саладағы көкейкесті мәселелерді назарға алуды тапсырдым,» — деп жазды ол.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.