Талдықорған: +21°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚИЫН ДА ҚЫЗЫҚ МАМАНДЫҚ

07.08.2020
ЭКОНОМИКА
ҚИЫН ДА ҚЫЗЫҚ МАМАНДЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Көрікті кешендердің барлығы – құрыш білекті құрылысшылардың ерен еңбегі. Қаратал өлкесінде аталмыш сала өкілдерінің табанды еңбегінің арқасында тәуелсіздік жылдарында мыңдаған шаршы метр тұрғын үй салынып, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Биылғы жылдың өзінде бірқатар жаңа нысандардың іргетасы қалануда. 

Бүгінгі күні Үштөбе қаласының «Шаңырақ» шағынауданы, №14 мекенжайында құны 319,7 миллион теңге тұратын 30 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Шымыр» ЖШС құрылысшылары әр күнді сәтті пайдаланып, нысанды уақытылы тапсыру үшін еңбек етуде. Сондай-ақ, Үштөбе қаласында 20 жеке жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын мердігер «Қолғанат Құрылыс» ЖШС іске асыруда. Аталмыш құрылыс компаниясы «Қаратал аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 280,8 миллион теңгеге келісімшарт жасасып, жұртты баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде. Құрылыс компаниясы осы үйлерді абаттандырып, инженерлік-коммуникациялық желісінің құрылысын қоса атқаратын болады.
Аудандағы Бастөбе ауылдық округіне ірге тепкен Бастөбе сервистік колледжі құрылыс саласына қажетті мамандарды да даярлайды. Колледж ұжымы жаңа заман талабына сай жастардың кәсіптік білім алуына жағдай жасауда. 
Бастөбе сервистік-техникалық колледжі құрылыс саласына аса қажет жұмысшы мамандарын даярлау сұранысын қамту мақсатында ауылшарушылық өндірісіндегі тракторшы-машинист, автокөлік слесарі, аспаз, кондитер, вагондарды қараушы слесарь мамандықтарынан бөлек газэлектрдәнекерлеуші, электржабдықтарға қызмет көрсетуші, тас қалаушы бағыттары бойынша да мамандар даярлауда.
Колледжде 28 оқытушы, 13 өндірістік оқыту шебері дәріс беруде. Колледждің соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2017 жылы аймақтық «WorldSkalls Taldykorgan» чемпионатында «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Игорь Ким бас жүлдеге ие болды. 2018 жылы Виталий Кондаков 3-орынды иеленсе 2019 жылы «Электрмонтаждау жұмыстары» бойынша Узайр Абдурахманов сертификатқа қол жеткізді. Міне, оқу орнын құрылысқа қажетті мамандықтар бойынша бітірген шәкірттер аудан, облыс көлеміндегі құрылыс нысандарында еңбек етіп, шеберліктерін шыңдауда. Бір қуанарлық жағдай, биылғы жылы колледж жанынан 50 орынды жаңа жатақхана бой көтерді. Көп ұзамай бұл жатақханаға колледж студенттері орналасып, алаңсыз оқып, білім алатын болады.     
– Қазіргі таңда аудан орталығы қанат жайып, көркейіп келеді. Қолға алған іргелі жобалар да жетерлік. Айталық, бүгінде Үштөбе қаласындағы 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына «Арлан-жоба құрылыс» ЖШС-мен 14,4 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, осы 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша «Гражданпроект ЗИ» ЖШС-мен 5,3 миллион  теңгеге келісімшарт жасалып, жобалау жұмыстары іске асып жатыр. Сондай-ақ, қаламыздағы Ақын Сара көшесі, №77 «А» мекенжайында 60 пәтерлі тұрғын үйдің және Әбдірахман ақын көшесі, №5 «Б» мекенжайында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша «Ремстройпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Бұл тұрғын үйлердің абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды «Геодезия сервис» ЖШС жүргізетін болады, – дейді Қаратал аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Кеңес Дондағұлов. Оның айтуынша, Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылындағы Панфилов атындағы орта мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС-мен 25,6 миллион  теңгеге келісімшарт жасалып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. 
Аудан орталығы Үштөбе жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар жыл өткен сайын бой түзеп келеді. Халық игілігі үшін пайдалануға берiлген нысандардың бәрiнде құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Иә, сондықтан құрылысшы еңбегi қашанда құрметке лайық! 

Асхат ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық қария 3 мың шақырым жүріп, Парижге табан тіреді

Қазақстандық қария 3 мың шақырым жүріп, Парижге табан тіреді

27.04.2026
Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

Қауіп қайдан демеңіз, қауіп – қалта телефонда

27.04.2026
«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.