Талдықорған: +17°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КЕГЕН, НАРЫНҚОЛ ЖӘНЕ ШОНЖЫ ӨҢІРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ — ҰСЫНЫС

18.11.2022
ЭКОНОМИКА
КЕГЕН, НАРЫНҚОЛ ЖӘНЕ ШОНЖЫ ӨҢІРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ - ҰСЫНЫС
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы – қай жағынан алып қарасаңыз да зор потенциалға ие, даму мүмкінді үлкен, ерекше аймақ. Ауыл шаруашылығы жағынан да, туризм тұрғысынан да, түрлі бағыттағы шағын кәсіпкерлік пен логистика бойынша да облыстың даму әлеуеті мол. Бұлардан бөлек, көбіне қаперге алына бермейтін тағы бір қазынасы бар. Ол – мәдениет пен шығармашылық саласындағы байлығы. Байлық болғанда да, тек рухани тұрғыдан ғана емес, экономикалық берері мол, толықтай ашылмаған байлық десек те болар. Ең бастысы – әр салаға жеке-дара емес, кешенді көзқарас, ұзақ мерзімді стратегиялық ұстаным болуы қажет-ақ.

Ең әуелі, облыстың географиялық ерекшелігін ескере отырып, бірнеше өңірді жеке-жеке қарастырған тиімді. Мысал ретінде, шеткері орналасқан, Қытаймен шекаралас үш аудан — Кеген, Райымбек және Қарадала өңірлерін қарастырып көрсек дейміз. Қатарлас, жинақы орналасқан осы үш аудан — арнайы экономикалық-әлеуметтік стратегия жасақтағанға дайын тұр десек артық айтпаймыз. Мұның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, жеке аудан ретінде көптеген мәселеде халық саны жағынан да, экономикалық әлеуеті жағынан да, логистика жағынан де бұл аудандар әлсіздеу әрі облыстық бюджетке тәуелді екені белгілі. Ал, өңір ретінде қарастырғанда — едәуір үлкен нарық, логистикалық хаб ретінде инвестиция үшін тартымды субъектке айнала алады.

Екіншіден, туризм тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл бағыттағы туристтік объекттердің клиенттері ортақ. Туристік мақсатпен жолға шыққандар бір жағынан Көлсай мен Қайыңдыны көргісі келсе, оған қоса Шарын мен Арасанға да барып, Шәлкөде мен Хантәңірінің етегіне де соға кеткенді қалайды. Сондықтан, туристік маршруттар соған қарай жасалып, туристік компаниялар соған сай маркетингтік топтамалар ұсынады.

Үшіншіден, Кеген мен Райымбек аудандарының климаты негізінен тек мал шаруашылығы мен кейбір көкөністер үшін ыңғайлы болса, Қарадаланың табиғаты малмен қоса жемістер мен көкөністің көп түрін өсіруге оңтайлы және логистикалық тұрғыдан көршілес екі ауданның өнімдерін таратуға қолайлы.

Демек, үш ауданды біртұтас өңір ретінде қарастырар болсақ — Іле өзенінің балық пен су инфрақұрылымы, Қарадаладан бастап Хантәңірінің етегіне дейінгі түрлі климаттардың ауыл шаруашылығының барлық түрі үшін берер мүмкіндігі, Шонжы ауылының логистикалық потенциалы бұл өңірді біртұтас, толыққанды өндіріс пен сауда циклына ие қылады. Оған қоса, Шонжы төңірегіне шағын өндірістердің топтастырлуы (тері өңдеу цехтері, сүт өнімдері зауыты, жеміс өңдеу мен шырын зауыттары, тігін цехтері, аяқ киім цехтері, мал мен егін шаруашылығына қажетті керек-жарақ құралдар мен техникалар дайындау зауыттары, жиһаз фабрикалары, құрылыс материал зауыттары) мен өңірлік туризмге кешенді қызмет ететін инфрақұрылымдық бизнес нысаналарды дамыту — өңірдің инвестициялық потенциалын еселеп арттырары сөзсіз.

Ұзақ жылдар бойы халықаралық инвестиция саласында жүрген маман ретінде, облыстың түрлі аймақтарына инвестор тартудың үлкен қиыншылықтары бар екенін жақсы түсінемін. Оның басты себептерінің бірі — осындай кешенді ұсыныстардың болмауы мен жеке аудандардың инвестордың шикізаттық, инфрақұрылымдық, логистикалық және кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмауында жатыр. Облыстық деңгейде мәселе шешілгенімен, бір емес, бірнеше ауданмен жеке-жеке мәселенің шешімін талқылау — бюрократиялық қиындықтарды арттырып жатады.

Жоғарыда айтылғандар — үйреншікті экономикалық бағыттар. Ал, бұған енді тағы екі тың бағытты қосар болсақ, өңірдің ерекшелігі одан да айқындала түспек. Мұның бірі — білім саласы болса, екіншісі — сөз басында айтып кеткен мәдениет пен шығармашылық саласы.

Білім саласында қазіргі кезде мемлекеттік қолдау қарқынды жүріп жатыр. Нақтырақ айтсақ — жекеменшік мектептер ашу. Жеке мектеп ашып, құрылысына қаражат салатын инвесторларға мемлекет екі түрлі нақты қаржылық қолдау көрсетуде. Біріншісі — құйылған инвестицияны бірнеше жыл ішінде қайтару болса, екіншісі — мектепті жүргізуге кететін операциялық шығындар үшін оқушы басына төленетін өтемақы. Бұл қолдаулар сапалы мектеп салып, оны жүргізуді тиімді табыс көзі етіп отыр. Әрі халыққа да пайдалы. Балалар жаңа мектептерде, заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бәсекелі нарық болғандықтан, берілетін білімнің сапалы болуына мектеп басшылары да мүдделі.

Мұндай жобалар инвестор үшін тиімділігін көрсетіп отыр. Үлкен қалаларда осындай мектептер желісін ашу үшін отандық және шетелдік инвесторлар нақты кірісе бастады. Ал, шеткері аймақта орналасқан өңірлер үшін бұл жағдайды қалай пайдалануға болады? Оның да жолы бар. Табиғаты көркем, туристердің қызығушылығы жоғары, ауыл шаруашылығы мен шағын өндіріс потенциалы зор Аспантау өңірі ұлттық бағытта білім беретін немесе шетелдік білім мекемелерінің франшизасы ретінде, интернат форматындағы мектептер ашуға өте қолайлы. Одан бөлек арнайы колледжтер де сұранысқа ие болады. Жекеменшік білім мекемелерін ашудың тек қана қомақты инвестиция тарту қызметі ғана емес, сонымен қатар қосалқы қызметтерге сұраныс тудыратын локомативтік функциясы да бар. Ол қызметтердің бәрін осы өңірдің жеке кәсіпкерлері ұсынатын болады. Оған қоса, бұл мекемелерге өзге аймақтардан да балалар оқитындықтан, өңірге ағылатын адамдардың санын еселеп арттырады деген сөз. Ол да өңір экономиксына қосымша кіріс.

Ал, мәдениет пен шығармашылық саласына келер болсақ, аталған өңір ежелден талантты жастарға кенде болмаған. Осы потенциалды өңірдің дамуына тікелей ұйыстыруға әбден болады. Оның жолы — Шонжы кентінде киностудиялар мен продюсерлік орталықтарға жол ашу. Бұл қызметтерге деген сұраныс табиғи түрде қалыптасқан. Соңғы жылдардағы отандық телеарналар мен жеке студиялардың фильмдері мен сериалдарының көпшілігі осы өңірде түсірілген. Бұл тенденция оңтайлы пайдаланылса, түсірілім үшін локациялар табу, реквизиттер дайындау, қосалқы кадрлер үшін актерлер ұсыну, кинотехника мен көліктерді жалға беру, қажетті киімдер тігу, тамақ әзірлеу сияқты кино саласы үшін қажетті қызметтерді толықтай қамтамасыз ететін шағын кластер қалыптастыруға әбден болады.

Осы айтылғандарға өңірдің туристік потенциалының берер мүмкіндіктерді қосыңыз: Шонжы кентін туристік база ретінде қарастыруға болады. Алматыдан шыққан туристер Шонжыға келіп тоқтайтындай маркетингтік бағдарламалар жасалуы тиіс. Сол жерден үш ауданның барлық туристік нысандарына жеткізу қызметтері, көліктер жалға беру, қонақ үйлер, сапалы кафе мен мейрамханалар, ойын-сауық мекемелері, фото мен бейне түсірілім қызметтері сияқты толып жатқан табыс көздері өздігінен дами бермек. Ілгеріде, тіпті шағын әуежай салуға да жол ашатындай экономикалық потенциал пайда болады. Жоғарыда айтқан киностудия мен продюсерлік орталықтардың дамуы — жергілікті өнер мен мәдениет өкілдерінің республикалық және шетелдік деңгейде насихатталуына да мүмкіндік туғызып, жалпы мәдениеттің өркендеуіне тікелей үлес қосады. Себебі, үш ауданнан жиналатын әдебиет, мәдениет, өнер өкілдері сырттан келіп жататын кәсіби мамандармен бірге жұмыс істеп, біліктілігін арттырып отырады.

Оған қоса, әлеуметтік желілер дамыған заманда, қажетті инфрақұрылымды пайдалану арқылы жергілікті сериалдар мен фильмдер түсіріп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігі туады. Нарыңқол, Кеген, Шонжыдағы халық театрларының да жұмысы қарқынды түрде дамитын болады. Бір жағынан, осы театрлардың актерлері тікелей түсірілімдерге қатысса, екіншіден, сырттан келетін туристтер мен жаңадан ашылатын жұмыс орындарына ағылатын халыққа ұсынатын театрлық қойылымдар тұрақты әрі жүйелі түрде жолға қойылады, мәдени орта қалыптасады.

Осылайша, бірнеше локомотивтік бастамалар арқылы сан түрлі экономикалық даму мүмкіндіктері ашылатын болмақ. Ең бастысы, мұның бәрін бюджеттік қаражатқа емес, ішкі және сыртқы инветорлардың қаржысына арқа сүйей отырып дамытуға болады. Басты ұстаным, әуел баста айтқанымыздай, бір аудан шеңберінде емес, өңірлік даму стратегиясы ретінде кешенді, біртұтас жоспар негізінде болуы тиіс. Ол үшін қажетті өңірлік даму инвестициялық қоры, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру тетіктері мен арнайы өңірлік экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жоспары сияқты механизмдерді қалыптастырған абзал.

Едіге ҚОЖАХМЕТ,

Халықаралық инвестиция маманы,

Абай атындағы халықаралық мәдениет орталығының директоры

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.