Талдықорған: +11°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨЛСАЙДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

06.10.2020
ЭКОНОМИКА
КӨЛСАЙДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданындағы Саты ауылында өткен алқалы жиында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экологиялық туризмді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Бұл жоба Көлсай мен Қайыңды көлдерінің экожүйесіне нұқсан келтірмей, жергілікті халықты туризм саласына көптеп тартуды мақсат етеді.

Еліміздегі туризм саласы мамандары мен қоғам өкілдері қатысқан басқосуды ашып, жүргізіп отырған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев сөзінің басында ата-бабаларымыз аманат еткен ұлан-байтақ жеріміздің экологиялық жүйесін сақтай отырып, мемлекетіміз бен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін туризмді дамытудың маңыздылығына тоқталды. Бұл орайда 161 045 гектар алқапты алып жатқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне туристерді көптеп тарту кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндаған «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Данияр Тұрғанбаев экологиялық туризмнің бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқанын айтып, «2019 – 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына тоқталып өтті. Бұл жобада Алматы өңірінің тау кластерлерін дамытуға баса назар аударылып, ұлттық байлықты ұрпақтар үшін сақтау, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін туризм мен демалысты ұйымдастыру мақсаты қойылған.

Бүгіндері елімізде экологиялық туризмнің өз дәрежесінде дамымай отырғаны жасырын емес. Ұлттық парктің қолданыстағы нысандары, кордондар, бақылау-өткізу тоспалары ескіргендіктен заман талаптарына жауап бермейді. Атап айтқанда, парктегі 14 кордон, 4 бақылау-өткізу бекеттері жаңарту, жөндеу және ауыстыруды қажет етеді. Туризмге арналған автотұрақтар, жолдар, орындықтар, дәретханалар, тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер, көру алаңдары, ақпараттық тақталардың тозығы жеткен. Жеті туристік бағыттың екеуінің ғана талап деңгейінде абаттандырылғанын айта кету керек. Бұлар – төменгі Көлсай мен Қайыңды көлдері бағыттары.

Әлемдегі экотуризмнің дамуын «Көлсай көлдері» паркіне келушілердің еселеп артуынан да байқауға болады. Мысалы, 2015 жылы бұл жерге 18 688 турист келген болса, 2019 жылы 87 662 адам сапарлап қайтқан. Биылғы жылдың өткен уақыты аралығында, карантин кезіндегі екі айда мүлдем тыйым салынғанын есепке алғанда, 71 425 адам келіп отыр.

Бүгіндері Көлсай мен Қайыңды көлдері маңайында ұялы байланыс пен ғаламтор жұмыс істемейді. Бұл келушілердің көрсетілген қызметке есеп айырысуы кезінде үлкен кедергі болуда. Сонымен қатар, Қайыңды көліне бөгет салу, тұрмыс қалдықтарын шығару мәселесі жедел шешуді қажет етеді.  Себебі, табиғи тоспаның тозуына байанысты Қайыңды көлінің деңгейі 6 метрге дейін төмендеген. Қоқыстарды қайта өңдеу орнының болмауы да аз қиындық тудырып отырған жоқ. Ал, еліміздің ең үлкен мегаполисіне жақын орналасуы, Алматыдан ұлттық паркке дейінгі жолдың жөнделуі, Саты ауылында қонақүй жүйесінің қалыптаса бастауы, туристік маусымның жыл бойы жүргізілуі, отандық және шетелдік туроператорлардың қызығушылығы жұмыстың жандануына үлкен көмек болуда.

Қалыптасқан жағдайды оңалту мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, табиғи қорықтарды дамыту мен заңдық негіздерін қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін зерттеп, еліміздегі ұлттық парктерді пайдаланудың тұжырымдамасын жасады. Бұл жобада ең алдымен туристік бағыттар мен соқпақтарды дамытуға басты назар аударылған. Сондай-ақ, жеңіл конструкцияларды пайдалана отырып, күрделі құрылысы жоқ қазіргі заманғы визит-орталықтарды, глэмпингтерді, кемпингтерді, этноауылдарды және керуен сарайларын, көру алаңдарын, қоғамдық тамақтандыру орындарын салу көзделген.

Осы орайда Қайыңды көлі туристік бағытында бақылау-өткізу тоспасының жанынан визит-орталық, екі қонақүй, медициналық бөлім құрылысына жер бөлу жоспарлануда. Төменгі тұрақтың жанынан екі кемпинг, бір глэмпинг, асхана орналастыру көзделген. Жоғары тұрақ маңайында екі қонақүй, тамақтану орны және үш көру алаңы салынатын болады. Мұндай құрылыстар төменгі Көлсай көлінде де жүргізіледі. Ат жолы мен жаяу жүргіншілердің соқпағы жеке-жеке жасалынады. Бұл жобалардың жүзеге асуына жеке инвесторларды тарту көзделген. Ұлттық парктің жерлерін жекеменшікке сатуға тыйым салынған. Олар 5 жылдан 49 жылға дейін жалға беріледі.  Осы талаптардың орындалуын бақылау және ұлттық парктерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қоғамдық кеңестер құру жоспарланып отыр.

Осыдан кейін сөз алған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Ержан Еркінбаев, «Kaiyndy Lakes» ЖШС Тұрарбек Асанов, Зоология институтының директоры Роман Ященко, ОЮЛ Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида Шайкенова, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан, инвестор Тимур Нұртаев, ПРООН жобасының менеджері Талғат Кертешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева ұлттық парктерде экотуризмді дамыту мәселесіне ой қосып, нақтылы ұсыныстарын айтты.

Бұл жерде Көлсай мен Қайыңды көлдері аймағының табиғатына нұқсан келтірмей туристік инфрақұрылымдарды салу, шетел туристеріне ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ғаламтор мен ұялы байланыс жүйесін қалыптастыру, қоқыс қалдықтарын өңдейтін құрылымдар тұрғызу мәселелері жан-жақты сөз болды.

Алқалы басқосудан кейін жиынға қатысқан қонақтар еліміздің інжу-маржаны болып саналатын Көлсай мен Қайыңды көлдерінде болып, экотуризм тұжырымдамасы бойынша жасалатын жұмыс алқаптарын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Кеген ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.