Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘКІМ: «ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ТҮГЕЛДЕЙ ҚАЙТА ЖАСАҚТАУ КЕРЕК»

19.08.2020
ЭКОНОМИКА
ӘКІМ: "ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ТҮГЕЛДЕЙ ҚАЙТА ЖАСАҚТАУ КЕРЕК"
WhatsAppTelegramFacebook

Карантин кезеңінде қызмет түрлерін цифрландыруға деген қажеттіліктің күрт өскені байқалды. Соған сәйкес жыл соңына дейін Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл, біріншіден, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы уақытын үнемдеуге әсер етсе, екіншіден, қызмет көрсетудің ашықтығына, қолжетімділігіне және жемқорлық фактілерінің алдын алуға ықпал етеді. Бұл туралы Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Бүгінде Алматы облысының әкімдігі тарапынан 170 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 141-і, яғни, 82,9 пайызы автоматтандырылған. Өңірлік геоақпараттық жүйе аясында Алматы облысында жер қатынастары мен сәулет салаларындағы 21 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Сол сияқты білім мен спорт салаларындағы тағы 12 қызмет түрі де автоматтандырылуда. Тұрғын үй-коммуналдық салаға, қоғамдық көлік қатынасына цифрлық жаңалықтар енгізу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынуда.

Облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Талғат Омаров Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осындай мәліметтер келтірді. Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Е.Мақажанов департамент тарапынан жасалған талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер көтерді.

— Жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 137 құқықбұзушылықты анықтаған, соның 75,2 пайызы немесе 103 заңбұзушылық — сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. Осы мерзім ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне барғаны үшін 87 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы шығын 3,6 млрд.теңгені құрап отыр, оның 2,8 млрд.теңгесі немесе 80 пайызы өтелді, — деп атап өтті Е.Мақажанов.

Қылмыстық жауапқа тартылғандар ішінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үлесі 42 пайыз. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу процестеріне, жер қатынастары саласында жер комиссиясы жұмыстарына ерекше қырағылықпен қарап, қажет болса, комиссия құрамын түбегейлі жаңадан қалыптастыру қажеттігі де айтылды. Бұл орайда Е.Мақажанов жемқорлық қылмыстың алдын алу шараларына көбірек көңіл бөліп, әр мекеме өзінің ішкі бақылауын күшейтуі тиіс екенін атап көрсетті.

Жиын барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Сәдуақасов та өз тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы толықтырып өтті.

Оның айтуынша, 2015 жылы жердің 7 санаты енгізілген және жер учаскелерінің паспорттарын қарау мүмкіндігі бар электрондық карта жасалды. Қазіргі уақытта жер картасының қабаттары мен объектілерінің құрамы кеңейтілді. 2017 жылы электрондық картаны мемлекеттік тізіліммен және облыс басқармаларының деректер базасымен интеграциялау жүргізілді.

Сол сияқты 2019 жылы көрсетілетін мемқызметтерді цифрландыруға облыстық бюджеттен 508,0 млн.теңге бөлініп, игерілген. Алматы агломерациясын қамти отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің геопорталын, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесін, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 272,6 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінім беріліп, жұмыстар Алматы қаласына жақын орналасқан 5 аудан орталығында жүргізіледі деп жоспарланған.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов оқылған баяндамалар мен айтылған ұсыныстарды қорыта келе:

— Бүгінгі көтеріліп отырған мәселелердің бәрі де өзекті. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп, жемқорлық әрекеттердің алдын алу, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз, қажет болса департаменттен жан-жақты әдістемелік көмек ала отырып атқаруымыз керек. Әр мекеме-ұйым өзінің ішкі бақылауын күшейтуі керек. Аудан, қала әкімдеріне жер мәселесінде заңсыздықтарға жол бермеу туралы қатаң ескертемін. Орынбасарым Серік Тұрдалиевке аудан, қалалардағы жер комиссиялары жұмысын егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырамын. Кемшіліктерге, заң бұзушылыққа жол бергендердің комиссия құрамында қалуына жол берілмейді. Түгелдей қайта жасақтап, жаңарту керек. Расында, коронавирусқа байланысты шектеу кезеңі бізге цифрландыру ісімен түбегейлі айналысу қажеттігін айқын көрсетті. Қызмет түрлерін автоматтандыруды одан әрі үдетуіміз керек, — деді А.Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.