Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҮКІМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ 2,7 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

20.04.2020
ЭКОНОМИКА
ҮКІМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ 2,7 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы бірінші тоқсандағы елдің әлеуметтік-экономикалық өсімі 2,7 пайыз. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Бұл жиында, сондай-ақ, республикалық бюджеттің қалай орындалғаны белгілі болды.

Жиында ел экономикасы мен банк саласындағы ахуал және республикалық бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының көрсеткіштері туралы аталған қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады. Ал аймақтардың дамуы жөнінде Қостанай, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері Архимед Мұхамбетов, Амандық Баталов, Оңдасын Оразалин мәлім етті.

Белгілі болғандай, қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызды құраса, негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1 пайызға артқан. Алтын-валюта қоры 30 млрд.АҚШ долларын, Ұлттық қор активтері 57,5 млрд.АҚШ долларын құраған. Экономиканың негізгі салаларында жалпы оң өзгерістер байқалады. Мәселен, тау-кен өндірісі мен өңдеу, құрылыс және машина жасау салаларында біраз өсім бар. Десек те, қатерлі індетке байланысты енгізілген шектеулер ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізе бастапты.

Атап айтқанда, бірінші тоқсандағы сауданың өсуі 1 пайызға, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері 0,7 пайызға, ал көлік секторы 1,3 пайызға төмендеп, теріс динамика көрсеткен. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес негізгі көрсеткіштер бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан алдыңғы лектен көрінуде. Ал орташа республикалық көрсеткіштерге Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қол жеткізген. Кейбір көрсеткіштер бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы республикалық деңгейден төмен деңгейді көрсетіп отыр.

Соңында Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына бюджет қаражатының уақытылы әрі сапалы игерілуін, оның ішінде қаржының экономиканың нақты секторларына дейін жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды. Әлемдік және өңірлік экономикалардағы қазіргі сын-тегеуріндерге жауап ретінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қабылдап, іске асырып жатқанын айтқан Асқар Ұзақбайұлы, сондай-ақ, жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілгенін, құрылыс бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың ұлғайтылғанын, шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындарға салықтық ынталандырудың енгізілгенін және «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының кеңейтілгенін жеткізді.

«Қажетті шаралар қабылданды. Енді өңірлер қарқынды жұмыс істеуі керек. Барлығы мемлекеттік органдардың тиімді және үйлесімді жұмысына байланысты», – деген Премьер-Министр қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, аймақтарда дағдарысқа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.