Талдықорған: +21°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Лаззат ТҰРЛАШОВ: «ІСТЕРІҢНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҚ»

15.04.2019
ЭКОНОМИКА
Лаззат ТҰРЛАШОВ: "ІСТЕРІҢНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов «Алма-тау» тұрғын үй кешенінде аудан әкімдерінің орынбасарларымен, бөлім басшыларымен, банк өкілдерімен және құрылыс компанияларының жетекшілерімен кездесті.

Естеріңізге салсақ, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жалдамалы баспана беру бағдарламасы жылдың екінші жартысында іске асырылмақ. Ол жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов өзінің ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтқан болатын.

Оның айтуынша, әкімдіктерде кезекте тұрған көпбалалы  отбасылар үшін 7 жыл ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтер салынбақ. 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады деп жоспарлануда. Ондағы мақсат – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» сынды бағдарламалар негізінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтуда 10 пайыздан кем емес субсидия беріледі. Осыған байланысты жергілікті әкімшілік жер берген жағдайда үй салуға қажетті құрылыс материалдарына меценаттар мен ірі компания өкілдерінің басшылары қол ұшын берсе деген ұсыныс айтылды.

Алматыдай ірі мегаполиспен іргелес, халық көп шоғырланған және тұрғын үй алудың кезегі көп аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар жайын пысықтаған Л. Тұрлашов Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Қапшағай қаласы бойынша тиісті мамандардың есебін тыңдады. Айтар болсақ, Іле ауданында осы уақытта 2896 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, олардың 706-сы бюджетттік мекеме қызметкерлері.

Солардың ішінде 50 тұрғын баспана алу мақсатында арнайы есепшот ашып, бастапқы жарнасын төлеген. Ал Қарасай ауданында 4021 адам үй кезегінде тұр. Оның 1689-ы «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алуға ниет білдірген. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай мәлімдеді. Ауданда осы уақытқа 43 пәтер сатылымға дайын болса, «Еламан» ЖШС 228 пәтерді жыл соңына дейін өткізбек.

Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сатбаев 3211 адамның үй алу кезегінде тұрғанын, оның 1170-і бюджеттік сала қызметкерлері болса, бағдарлама бойынша 35 адам өтінім беріп, енді сертификат күтіп отырғандығын айтты. Бүгінде аталған ауданда 3324 көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тіркелген. Талғар ауданында бой көтерген «Алма-Тау», «Нүрия», «Аспан-Сити», «Алма-Вилла» сынды ірі тұрғын үй кешендерінде құрылыс қарқын алған. Дей тұрса да, пәтерлерді сатуда сылбырлық бары сынға алынды.

— Қанша адам жұмыс істейді, бірақ істеріңнің нәтижесі жоқ. Тұрғын үй салу мен сатудағы идеяларың мардымсыз. Ұсыныстарыңды жүйелеп, жоспарлы түрде атқарылған нәтижені көрсету басты міндеттерің екенін ұмытпаңдар, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов тұрғын үй құрылыс алаңдарында инженерлік құрылымның дұрыс жасалмауы, су мен жолдың жоқтығы аталған бағдарламаның кешеуілдеуіне кері әсерін тигізіп жатқанын айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуде бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді игеру, жыл сайынғы қазына қаржысына жалға және жеңілдетілген несиемен берілетін тұрғын үй санын көбейту, сапалы құрылыс жүргізу жұмыстарын тапсырды. Жалға берілетін пәтерлерді кімнен сатып алып, кімге сатудың жолдары реттелмегендігіне қынжылыс білдірді. Сол үшін, бір жылдық емес, бірнеше жылға созылатын бағдарлама аясында тұрғын үй салу қарқынын арттырып, құрылыс компанияларымен келісімшарт жасасып, төмендетілген бағада сатып алу мәселесін қарастыру қажет. Сонымен бірге, екіжақты меморандумға қол қоймас бұрын тұрғын үй салынатын жер учаскесі мен инженерлік жүйенің дұрыс жүргізілуін назарға алу қатаң міндеттелді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

24.04.2026
Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.