Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБА

15.02.2019
ЭКОНОМИКА
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБА
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба «Менің Атамекенім» деп аталады. Өткен жылы да осындай жоба қолға алынған болатын. Елдің әр аймағында осы бағытта арнайы сауалнама жүргізіліп, жүйелі мәселелер жайында ақпарат жиналды.  Сауалнама нәтижесінде ел бойынша жақын арада оң шешімін күткен 17 895 әлеуметтік мәселе анықталып, аталмыш порталдың «Әлеуметтік мәселелер картасы» және «Ұсыныстар пакеті» бөлімдерінде жүйеге тіркелуде.

 

Жоба аясында әлеуметтік жағдайы тығырыққа тіреліп, қиын жағдайға түскен кез келген азаматқа өз өтінішін хабарлауға мүмкіндік беретін «Менің Атамекенім» платформасында арнайы  тетіктер іске қосылған. Өз кезегінде платформада кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтардың мұқтаж жандарға көмектесу жолдары ұсынылады. Платформа www.atamekenim.kz/main сайты арқылы қолжетімді. Халықтан келіп түскен өтінімдерге жасалған талдау бүгінде әсіресе көпбалалы отбасылар үшін өзекті мәселелердің бірі – баспанамен қамтылу екенін көрсетті.

– Баспанаға мұқтаж адамдардың толық тізімін анықтағымыз келді. Біз үшін қандай мәселе өзекті екенін білу маңызды. Өйткені, егер 10-20 шаршы метрде 5 адам  тұратын болса, бұл қатер аймағы. Осыны нақты түсініп, сол адамдармен жеке жұмыс істеуіміз керек. Істің мәні де осында. Портал осыны анықтауға жол ашады. Бірінші кезекте өте ауыр жағдайда қалған адамдарға назар аударамыз және оларға  көмек беруге дайын кәсіпкерлерді осы жұмысқа тартамыз. Қол ұшын беруге дайын азаматтар елде бар, – дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Бұл платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасына қолдау көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік танытып отырған кәсіпкер Мирус Құрмашевтің қолдауымен әзірленді. 
– «Маған көмек керек» деген батырма бар, оны басқанда сауалнама үлгісі  шығады. Форманы жүктеп, басып шығарып, жеке мәліметтерді толтыру керек. Толтырылған сауалнаманы сканерден өткізіп, сайтқа жүктеу қажет. Осылайша, мәселе жүйеге жіберіледі, «Әлеуметтік мәселелер картасына» тіркеледі, – деді Мирус Құрмашев.

Егер өтініш беруші тарапынан қандай да бір сұрақ туындаса 1432 нөмірі арқылы Байланыс орталығына хабарласып, өтінішті қалай толтыру керектігі жайында сұрауына болады. Сондай-ақ, әр өңірде «Атамекеннің» өңірлік палаталары жанындағы «Өз-өзіне қызмет көрсету» орталықтарында да мамандар өтініш толтыруға көмектеседі. «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, елде қайырымдылықпен айналысатын, бірақ көп жағдайда жақсылығын көпшілікке жария ете бермейтін кәсіпкерлер көп. Ал кейбір жағдайда кәсіпкерлер нақты кімге көмектесуге болатынын білмейді. Өйткені бұл жұмыс жолға қойылмаған. Енді «Менің Атамекенім» платформасы қиындыққа тап болған адамдар туралы нақты ақпарат жинақталатын ыңғайлы әрі ашық алаң болады. 

– Қаражат мұқтаж жанның жеке шотына түспейтінін айта кеткен жөн. Мәселен, адамға ота жасауға қаражат керек болса, онда қажет сома нақты медициналық мекемеге түседі. Бірақ, осы ретте кез келген адам «Есептер» айдарында кімге қандай көмек жасалғанын көре алады», – дейді Эльдар Жұмағазиев.

Бұл платформа өңірдің, ауыл-аймақтың әлеуметтік  мәселелерін шешуге бағытталады. Мұндай мәселелер «Ұсыныстар пакеті» құралы арқылы жарияланады. Тетігі қарапайым: кез келген адам туып-өскен өлкесіне көмектесе алады. Мәселен, жарық жүргізу, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу және басқа да мәселелерге атсалысуға мүмкіндігі бар.

Жыл соңында жасалған қайырымдылық істерге халықтың онлайн түрде дауыс беруі қарастырылуда. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан мемлекеттік және жергілікті деңгейде қайырымдылық танытқан азаматтардың есімі еленуін қолға алады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА. 

Қатысты жаңалықтар

ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

05.03.2026
Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

«Челси» капитанының әкесі – Дастанның жеке бапкері

05.03.2026
Түркия Ираннан ұшырылған зымыранды атып түсірді

Түркия Ираннан ұшырылған зымыранды атып түсірді

05.03.2026
Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Алтын қор

Алтын қор

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.