Талдықорған: +9°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Мүмкіндігі зор өңір

13.02.2018
ЭКОНОМИКА
Мүмкіндігі зор өңір
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов өңірдегі барлық округтер тұрғындарымен кездесулер өткізіп, былтыр жүзеге асырылған жұмыстар мен биыл атқарылатын істерін жұртқа жеткізді. Шонжы кентіндегі аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің қорытынды есепті жиынына өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау орындарының өкілдері шақырылды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов қатысты.

Өңір басшысы баяндамасында ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының әр саласына жеке-жеке тоқталып, қысқа да нақты цифрларды саралап, өз тұжырымдамаларымен түйіндеді. Шешімін күткен кейбір мәселелердің қандай жолмен жүзеге асатынын түсіндірді.
Негізгі тіршілігі ауылшаруашылығымен байланысты ауданда өндірілген бақша өнімдерінің жалпы құны 22 миллиард 480 миллион теңгені құрады. Былтыр аудан бойынша 23551 гектар жерге дәнді дақылдар егіліп, 79380 тонна өнім алынды. Жергілікті атқарушы биліктің шаруаларға көрсеткен көмегінің нәтижесінде жиналған ауылшаруашылық өнімдері түгелге дерлік лайықты бағада сатылды. Сонымен қатар, аудан бағбандары жалпы 1021 гектар алқапқа бақ отырғызған. Оның 480 гектарына грек жаңғағы, 323 гектарына  өрік, 95 гектарға алма, 47 гектарға шабдалы, 30 гектарға қара өрік, 24 гектарға шие, 19 гектарға әртүрлі жидектер мен 3 гектарға жүзімдік өсірілген. Ауданда алғаш рет «Көктұмар» ЖШС тамшылатып суару әдісімен 19 гектар жидек екпелерін отырғызды. Осы әдіспен тағы 36 гектар жерге жеміс көшеттері егіліп, серіктестік бағының жалпы көлемі 216 гектарға жетті. Сонымен қатар былтыр өңірде ауқымы 8,1 гектарға тең 4 заманауи индустриялық жылыжай құрылысы аяқталды. Биыл бақ көлемін көбейтумен қатар тағы 13,5 гектар жерге жылыжай салынады.
Соңғы жылдары мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан Қарадала аймағында ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында 850 басқа арналған екі мал бордақылау алаңы салынды. Бүгінгі күні онда 100 ірі қара малы бордақылануда. Асыл тұқымды мал саны 1381-ге жеткен аудандағы мал тұқымының жақсаруына мемлекеттік бағдарламалар айтарлықтай ықпал етуде. Атап айтқанда «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 627 сиыр, 10 бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 973 қой, 30 қошқар, «Құлан» бағдарламасының көмегімен 101 бие, 5 асыл тұқымды айғыр сатып алынды. Бүгінгі таңда өңірде 203550 қой-ешкі, 64912 ірі қара, 14215 жылқы қыстатылуда.
Өткен жылы өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 миллиард 647 милион теңгені құрады. Былтыр 1131 тонна жүн өңдеген Шонжы ауылындағы жүн және тері өңдеу зауытының әкімшілігі ірі қара мен қой-ешкі терісін өңдейтін жаңа цехты іске қосу үшін инвестор іздестіруде. Одан бөлек, былтыр жаңа екі өнеркәсіптік нысан іске қосылды. «Камердинов» ЖК-інің кондитерлік өнімдерге арналған нан-тоқаш цехы және «Агнер» ЖШС-інің көмір брикеттерін шығаратын цехы 94 жаңа жұмыс орнын ашып отыр.
Шырайлы Шарын өңірі көкөніс, жеміс-жидек өсіруге қолайлы. Осы мүмкіндікті кеңінен пайдалану мақсатында өткен жылы жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін зауыт салынып, жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілді. Оның жобалық өнім өңдеу қуаты 4,2 мың тонна.
Есепті мерзім ішінде аудан бойынша барлық қаржыландыру көздеріне тартылған инвестиция көлемі 17 миллиард 897 миллион теңгеге жеткен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес саласындағы нысандар саны 5,2 пайызға өсіп, жалпы саны 4270-ке жетіпті. Ауданда 7285 адам кәсіпкерлікпен айналысып, есепті мерзімде 6 миллиард 515 миллион теңгенің тауарын өндіріп, аудан бюджетіне 323,6 миллион теңге қаржы құйған. 
Өңірде әлеуметтік құрылыс салу қарқыны артып келеді. Өткен жылы құрылысы біткен 10 жалгерлік үй бір жетім азаматқа, 6 аз қамтылған отбасы мен 3 мемлекеттік қызметкерге берілді. Шонжы ауылының солтүстік батыс бөлігінде 174 гектар жер жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлініп, оның инженерлік инфрақұрылымының 95 пайызы атқарылды. Оған республикалық бюджеттен 2 миллиард 27 миллион теңге бөлінді. Мұндағы инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары биылғы алғашқы тоқсанда аяқталуға тиіс. Әкім өңірде жүзеге асқан басқа да игілікті істерге тоқталып, биыл қолға алатын жұмыстарды жіліктеп жеткізді.
Аудан әкімінің есепті баяндамасын талдауға облыстық мәслихаттың депутаты Ызғарбек Бектұрсынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрбек Сейітов, аудандық мәслихат депутаты Берікбай Атагелдиев, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Анвар Рашидов қатысты. Сөз сөйлеушілердің бәрі Елбасының жаңа Жолдауына қатысты пікір білдіріп, ауданда атқарылған бірқатар істерді, жаңа даму кезеңіне бет алған ел тіршілігінің өркенді өзгерістерін атап өтті. Сонымен бірге 42 мың тонна құс етін өндіріп, 1200 адам жұмыс істейтін құс фабрикасын қайта іске қосу, білім сапасын көтеру, жол жөндеу, ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағада сату, тұрғындар күнделікті тұтынатын көкөніс пен ет, сүт өнімдерін жергілікті жерде көптеп өндіріп, шарықтаған бағаны буғаулау сынды өзекті мәселелерді көлденең тартты. Аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берілді. Аймақ тұрғындары шешімін күткен басқа да маңызды мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов мінберге көтеріліп, есеп барысында туындаған сауалдарды талдап, өткен жылы облыста атқарылған бірқатар жұмыстарды саралап, кездесуге келгендерге биыл жалпы Жетісу аймағында жүзеге асырылатын істерді таныстырды. Қасиетті Қарадала өңірінде ауылшаруашылық өндірісін өркендетудің мол мүмкіндіктері барына тоқталды. Сонымен қатар, білім сапасының төмендігі, ет экспорттау жоспарының орындалмауы сияқты бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, алдағы уақытта осы мәселелердің оңды шешілуін қамтамасыз етуді аудан басшысына тапсырды.

Мырзағали Нұрсейіт
 Ұйғыр ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.