Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Ортақ міндет

7 ақпан 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Іле ауданының әкімі Қыдыргелді МЕДЕУОВТІҢ өткен жылдың қорытынды есебіне арналған жиналысы Өтеген батыр кентіндегі №24 мектеп-гимназиясында өтті. Маңызды басқосуға төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Роза АБИЛОВА жиынды ашып, келген қонақтармен таныстырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Айдарбек БАЙЖАНОВ қатысты.

Жиында баяндама жасаған аудан әкімі:
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін 10 міндетті нақтылап берді. Бұл бағытта жүйелі жұмыс істеп, өңірдің өркендеуіне бар күшімізді саламыз, – деп өз баяндамасында өңірдің бір жыл ішінде жеткен экономикалық-әлеуметтік жетістігін таныстырып, биылғы жылдың жоспарын көпшілік назарына ұсынды.
Оның айтуынша, ауданның саясатын және индустриялды базасын 31 ірі және орта кәсіпорын қалыптастырған. Бұл ауданның әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өсуі тұрақты екендігін дәлелдейді. Мемлекеттік бюджетке 162,3 миллиард теңге түсіп, жоспар 104,6 пайызға орындалған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 251,5 миллиард теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібінде 237,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы үй құстары, темекі өнімдері, фармацевтика, орамадағы гофрленген қағаз және картон, алюминийден жасалған профильдер, шыны ыдыстар шығарудан жетекші аймақ саналатын Іле ауданында биыл 21 жаңа өндірістік нысан пайдалануға берілген. Одан бөлек, 16 жұмысшы кәсіпорны кеңейтіліп, 610 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 73,1 миллиард теңгені, яғни, облыстық көлемнің 11,2 пайызын құрады. Жалпы көлемі 68,825 гектарға жеткен егістік алқаптардан 67,873 тонна дәнді дақыл, оның ішінде 43,550 тонна дәнге арналған жүгері өндірілді. Жалпы аумағы 13,66 гектар болатын 45 жылыжай орналасқан ауданда былтыр 457 тонна көкөніс өндірілді. Мал мен құстың саны өскен. Соның арқасында 87825 тонна ет, 54912 тонна сүт өндіріліп, 401 тонна жүн өткізілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас ірі қара малы, «Алтын асық» бағдарламасымен 800 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 55 бас жылқы сатып алынды.
Аудан үшін жағымды жаңалықтың бірі – «Алматы –Талдықорған газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар аяқталып, 6 мыңға жуық тұрғыны бар Ақши ауылы газбен қамтамасыз етілді. Ауданда 9 ауылдық округ газдандырылған, Алматы–Қапшағай газ қоймасын салудан кейін Жетіген ауылын газдандыру жоспарлануда.
Былтыр жалпыға ортақ жолдарды жөндеу жұмыстарына 1103,4 миллион теңге бөлінген. Автомобиль жолдарының күрделі жөндеуі     18, 2 шақырымға, ағымдағы жөндеу 22 шақырымға жүргізілген.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамытуда 4 елді мекеннің инженерлік-коммуникациялық секторы қолға алынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Атап айтсақ, КазЦИК, Чапаев, Боралдай, Қоянқұс ауылдарындағы 2500 аула немесе 10 мың адам сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Қоянқұс және Ынтымақ ауылдарында сапалы сумен қамтамасыз ету жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 250 метрлік қысым коллекторын ауыстыру арқылы Боралдай әуежайының қону және ұшу алаңындағы кәріз-құбыр стансысын жөндеу жұмысы аяқталды. Былтыр Көкқайнар, Түймебаев, Қоянқұс, Чапай, КазЦИК, Екпінді ауылдарындағы мектептердің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Байсерке ауылында №12 орта мектепке қосымша 300 орынды ғимарат салынды. Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектеп және   №38 гимназия мектебінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді. Кездесуде өңірдің денсаулық сақтау, білім сапасы, мәдениет пен спорт сынды әлеуметтік салаларындағы атқарылған шаралар мен жетістіктер айтылды.
Аудан әкімінің биылғы жоспарында өнеркәсіп өндірісінің көлемін 260 миллиард теңгеге арттыру көзделіп отыр. Нәтижесінде, 22 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, 640 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауылшаруашылық саласында да дәнді дақылдардың түсімін көбейтіп, асыл тұқымды малшаруашылығын дамыту көзделуде. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, шығарған өнімдердің көлемін 140 миллиард теңгеге дейін жеткізу, сол арқылы бюджетке 16 миллиард теңге салық түсіру жоспарлануда. Бағалар мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс жалғасады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 87 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Аудан әкімі өз сөзін:
– Барлық мемлекеттік бағдарламалардың негізі аудан тұрғындарының проблемаларын шешуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға негізделген. Оған қажетті мүмкіндіктер бар. Біздің ортақ міндетіміз – жоспарлы түрде жүзеге асыру, – деп қорытындылады.
Жарыссөзге шыққан ҚазЦик ауылының белсенді тұрғыны, ақын Баян Топарова, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Александр Скоропадский, №24 лицейдің директоры Гүлжан Ерубаева, «Азия Элит Фуд» ЖШС бастығы Мария Липинская аудан дамуындағы қарқынды жұмыстарды атап өтіп, қала әкімінің қорытынды есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Облыстың экономикалық әлеуметтік дамуына зор үлесін қосып отырған аудан жетістіктері болашаққа деген айқын жол, нық сенімді бекіте түсті.

Мақпал МЫСА

Іле ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.