Талдықорған: +9°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Отандық тұқымға сұраныс жоғары

5 қаңтар 2018
ЭКОНОМИКА
Отандық тұқымға сұраныс жоғары
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылшаруашылығы министрлігі 200 млн. теңге қаржы бөліп, отандық қант қызылшасы тұқымын өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландырмақ. Егер жоба жүзеге асса, диқандар бағасы арзан, зиянкестерге қарсылығы қуатты, гектар берекелілігі жоғары тұқымдардың игілігін көрмекші. Бұл туралы Көксу ауданында өткен қант қызылшасын өндіретін шаруашылықтар бас қосқан семинарда сөз болды.

Еліміздегі 18 миллион халықтың қантқа деген сұранысын орындау үшін 400 мың тонна қант керек. Соған орай кейінгі жылдары өңіріміздегі қант өңдеу саласының қарқын алғаны байқалады.
– Алматы облысының Көксу қант зауыты былтырғы жылдары толықтай қайта жабдықталып, 224 мың тонна қызылша өңдеді. 10 жылдай тұрып қалған Ақсу қант зауыты қайта жабдықталып, іске қосылды. Болжам бойынша 100 мың тонна қант шикізатын өңдейді деп күтілуде. Ал Жамбыл облысындағы Меркі қант зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр. Болжам бойынша 200 мың тонна қант қызылшасын өңдемек, – дейді «Жетісу» ӘК» ҰК»-нің қант қызылшасы жөніндегі сарапшысы Әбілқайыр Бексұлтанов. 
Дей тұрғанмен, үш зауыт бір жылда 50 мың тоннаға жуық қант шығарып, қажеттіліктің 13%-ын ғана қамтамасыз ете алады. Ғалымдардың пайымынша, жылына 100 мың тонна қант шығарып, сұраныстың 25%-ын орындағанда ғана еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін 1 миллион тонна шикізат қамбалануы керек. 
– Өткен жылы жетісулықтар 9 мың гектар жерге қант қызылшасын егіп, 325 мың тоннадан астам шикізат жинады. Биыл егіс аумағын 11 мың гектарға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал 2021 жылға барғанда 21 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Сол кезде миллион тонна шикізат жиналады, – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қоюмчан Омаров. 
Осындайда: «Бізде суармалы жер жетерлік. Неге бірден 21 мың гектарға қант қызылшасын сеуіп, жоспарды күні бұрын орындап тастамаймыз?» деген сұрақ туындайтыны анық. Алайда, оның да өзіндік себебі бар екен. 
– Қант қызылшасы мол егілетін Алматы, Жамбыл облыстарындағы суармалы алқаптарға бұрынғы жылдары майбұршақ егілгендіктен бұл алқапты кем дегенде үш жыл тынықтыру керек. Өйтпесе, басқа дақыл өнбейді. Қант қызылшасы егілетін жердің аумағын кезең-кезеңімен арттырып отырудың басты себебі осы, – дейді сарапшы Әбылхайыр Бексұлтанов.
Қант қызылшасы аумағын бірден ұлғайта алмаудың тағы бір себебі – техниканың жетіспеуі. Қазіргі таңда қант қызылшасы бағытында облыста 15 сервистік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Демек, бүгінде 11 мың гектар жердегі жұмыстың 85 пайызы ғана жаңа техниканың, қалғаны адам күшімен атқарылмақ. 
– Жаңа техниканың қызығын көріп жүргендер де көп. Айталық, Сарқан ауданындағы «Бақалы» шаруа қожалығы  140 гектар жерден гектарына 730 центнерден, Көксудағы «Кең дала» шаруа қожалығы 90 гектар жерден гектарына 630 центнер өнім алып отыр. Бүгінде осы шаруа қожалықтарынан қалысқысы келмеген басқа шаруашылықтар техниканы жаңарту үшін күш салып жатыр. Алдағы уақытта тағы да 7 сервистік қызмет көрсету орталығы құрылмақ. Бұл жұмыс сапасын арттыруға сеп болады деген сөз, – дейді Абылхайыр Бексұлтанов.
Одан кейінгі ретте сапалы тұқымның жетіспеушілігі диқандардың қолын байлап келеді. 
Мамандардың айтуынша, бүгінде жетісулықтар оңтүстік-шығыс суармалы өңірінде аудандастырылған, мемлекеттік реестрге енгізілген Ялтушковская, Белодерковская, Франция селекциясы ардан, абандаж, стратос, донуб, Германия селекциясы гримм, армин, мерак сияқты тұқымдарды көп егеді.  Өкінішке қарай, шетелдік тұқымдардың өнімділігі жоғары болғанымен құны тым қымбат, оның үстіне жалықпай баптауды қажет етеді. Сондықтан оған екінің бірінің қолы жете бермейді. 
– Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты тарапынан дайындалған Ақсу, Ай-Шолпан, Тараз, Алматы-шекер тұқымдары барлық қажеттілікті қамдай алмайды. Мемлекеттік сортсынау орталығында жаңа гибридтер Пушкин, Яшин, Гулливер, Живаго, Бункер, Тисерен конкурстық сынақ мерзімінде болғандықтан отандық тұқымның жетіспеушілігі байқалуда, – дейді Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Талдықорған филиалының меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты Керімбек Қонысбеков.
Сонымен жетісулық қызылшашылар өңіріміздегі жалғыз қант қызылшасының тұқымын өңдейтін Панфилов ауданындағы «Қамқорлық» ЖШС ұсынып отырған Ялтушковская, КазСив, Ай-Шолпан сияқты тұқымдарды сатып алуда.
Шаруашылық директоры Әлен Жолдасовтан білгеніміздей, аталған шаруашылық өндірген қант қызылшасының тұқымы өткен жылы мың гектар жерге егіліп, гектарына 450-650 цетнерге дейін өнім алып, диқандардың ризашылығына бөленген. Нәтижесінде, бағасы арзан, сапасы жақсы, шығымдылығы жоғары отандық тұқымға сұраныс арта түскен. 
Алайда, «Қамқорлық» ЖШС базасындағы тұқым өңдейтін құрылғылар ескіргендіктен өңір диқандарының сапалы тұқымға деген сұранысын толық қамтамасыз етуге қауқарсыздық танытуда. 
– Облыс әкімі Амандық Баталов 25 млн. теңге қаржы бөліп, шаруашылықтың құрал-жабдығын жаңартуға қол ұшын бермекші. Осы қолдау арқылы алдағы уақытта сапалы тұқым өндіруге белсене кірісеміз, – дейді Әлен Жолдасов.
Иә, салиқалы жұмыстардың нәтижесінде өңір диқандарының адымы кеңіп, ел келешегі жолындағы игілікті істері қарқын алып келеді. 

 

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.