Талдықорған: +13°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«ҚҰПТАЙМЫЗ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТҮРКИЯНЫҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

28.02.2020
ЭКОНОМИКА
"ҚҰПТАЙМЫЗ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТҮРКИЯНЫҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Алматы қаласында түркиялық инвесторларды қабылдады. Кездесуге Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев пен аудандағы мүдделі мекемелердің басшылары қатысты.

Өздерін қабылдауға уақыт тапқаны үшін аймақ басшысына алғыс білдірген «Femas Metal Sanaui ve Ticaret A.S» компаниясының бас директоры Юсуф Уге алдымен әлемдегі 130 елге өз өнімдерін экспорттайтын ірі кәсіпорын жайлы мағлұмат берді.

Негізінен газ және электр қуатымен жұмыс істейтін пештерді шығаруға маманданған алып зауыт 1978 жылы Түркияның Кайсери индустриалдық аймағында бой көтерген. Жалпы аумағы 17,5 гектар болатын жабық ғимаратта орналасқан кәсіпорында қазір 1750 адам еңбек етеді. Компания тобына өз салалары бойынша үздік деп танылған Ferel Electronics, Mamur Technology, Madas Metal, Re-Ma Metal, Remay сияқты әлемге әйгілі брендтер кіреді.

Аталған компания бүгінде көгілдір отын және электр қуатымен жұмыс істейтін пештермен қатар жеке қоюға арналған тұмшапеш (духовка), үстелге орнатылатын плитка, ауасорғыш жасау жөнінен алдыңғы қатарда. Мұнда бір күнде 850 тұмшапеш, 7500 плитка, 300 ауасорғыш өндіріледі. 40 жылдан бері осы бағытта мол тәжірибе жинаған компания көптеген халықаралық сертификатты жеңіп алып, ел сеніміне ие болған.

Кездесуде қонақтар Түркиядағы зауыт туралы түсірілген бейнебаянды назарға ұсынды. Жобаны ұйымдастырушы «Бошер Холдинг» ЖШС жетекшісі Сойыркас Абдулқасым Түркия жерінде туғанымен атажұртына оралып, Қазақстан экономикасын өркендетуге үлес қосуда. Қаскелең қаласында тұратын ол қазір үлкен сұраныс тудырып отырған пешті шығаратын зауытты Қарасай ауданында салуға мұрындық болған.

Айтуынша, осы жобаны жүзеге асыру үшін Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұхамбет ауылынан 12 гектар жер жалға алынған. Құны 2 000,0 млн.теңге болатын зауыт құрылысы биылғы күзде аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмысына 500 адам тартылса, пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорында 200 адам тұрақты еңбек етпек. Зауыттың жобалық қуаты жылына 200 мың газ және электр пешін шығаруға жоспарланған. Алдағы уақытта пештерді Өзбекстан, Қызғызстан және Ресейге шығару көзделіп отыр.

Амандық Ғаббасұлы Жетісу жерінде құрылысы басталған зауыттың мүмкіндіктері, өз тарапынан қандай көмек қажеттігі, Қазақстанда осы компанияның өкілдігі бар-жоғы жайлы сұраса, инвесторлар мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен салық жеңілдіктерін алуға қол ұшын беруді өтінді.

– Біз түркиялық бауырларымыздың елге келіп, зауыт салуға ниет білдіргендерін құптаймыз. Түркия экономикасы мен технологиясы өте дамыған мемлекет. Ол жақтағы ірі өнеркәсіп аймақтарында болып, жасалып жатқан ауқымды шарамен танысқаным бар. Барған сайын түркиялық іскер азаматтарды елге шақырып, бүгінде көптеген компания Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Бізде Елбасы бастамасымен халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. Екі миллион тұрғыны бар Алматы облысында кешегі күні елді мекендердің 10 пайызын ғана газбен қамтысақ, биыл бұл көрсеткіш 50 пайызға жетпек. Бұл жұмыс одан кейін де жалғасады. Таяу жылдары мемлекеттік жоба бойынша Орталық Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарына табиғи газ жеткізілмек. Демек, осы өлкелердегі барлық елді мекендегі әр шаңырақ толық газдандырылады. Осы кезде сіздерде жасалатын пештерге деген сұраныс еселеп артады. Сондықтан бастамаларыңызды құптай отырып, өз тарапымыздан қолдан келген көмекті көрсетуге уәде береміз. Бізге өзге мемлекеттерде өндірілген өнім емес, қазақстандық мазмұндағы тауарлар қажет, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Кездесу соңынан біз «Бошер Холдинг» ЖШС жетекшісі Сойыркас Абдулқасымға жолығып, аталған пештердің қосалқы бөлшектері қайда жасалатынын сұрадық. Айтуынша, қосалқы бөлшектер Германия, Италия, Иран, Қытайдан, негізгі бөлігі Түркиядан келеді. Ал сыртқы қорабы Қазақстанда жасалып, осында құрастырылады. Себебі, күрделі технологияны қажет ететін қондырғылардың кейбірі, тіпті, Түркияда да өндірілмейтін көрінеді. Сондықтан шет мемлекеттен алдыруға мәжбүр. Болашақта кейбір бөлшекті жергілікті кәсіпорындарда шығару жоспарда бар.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Алматы

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.