Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: ЖЫЛЫНА 20 КЕЛІ АЛТЫН ӨНДІРІЛЕДІ

11.06.2019
ЭКОНОМИКА
РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: ЖЫЛЫНА 20 КЕЛІ АЛТЫН ӨНДІРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өлкеміз алтын, күміс, қорғасын, мырыш, темір сияқты шикізат ресурстарына бай. Оны қажетке жарату жолында қандай жұмыстар істеліп жатқанын білу үшін Талдықорған аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына хабарластық. Инспекция бастығы Асқар ЕРКІННІҢ айтуынша, биылғы 1 қаңтарға дейін кең таралған пайдалы қазбаларды игеру бойынша облыста 361 келісімшарт жасалып, оның 336-сы бойынша өңдеу, 25-і бойынша барлау жұмысы қолға алыныпты.

Нәтижесінде 7,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, облыстық бюджетке үлкен үлес қосуда. Жоғарыда айтылғандар өндіргеннен кейін қайта өңдеуді талап етпейтін пайдалы қазбалар санатындағы әктас, құрылыс құмдары, құм-қиыршық тасты қоспа, тұз, гранит саз, құм, тағы да басқа байлықтар болып саналады. Олар көбінесе құрылыс саласына, жол, ғимарат салу, кірпіш зауытын ашу мақсатында кеңінен қолданылады. Айталық, Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» көрмесінің құрылысына қолданылған гранитты Жамбыл ауданындағы «Курты» және «Техно-экспресс» ЖШС толықтай қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бұл өнім Ресей, Украина, Белоруссия, Италия елдерінде жоғары сұранысқа ие.

Бүгінгі таңда алтын, мыс, полиметал барлау және өндіру бойынша жасалған 21 келісімшарттың 13 нысанында барлау, 8 нысанында өндіру жұмысы жүргізілуде. Жақын арада «Консолидированная Строительная Горнорудная компания» ЖШС-мен Кербұлақ ауданында орналасқан «Көксай» кен орнынан алтын, мыс, молибден пайдалы қазбаларын барлау жұмысы аяқталып, кен байыту фабрикасы салынады. Бұл жоба жүзеге асқанда 6000 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, 1500-2000 адам қоныстанатын тұрғынүйлер мен ғимараттар бой көтереді.

Жер қойнауын пайдалану бойынша Райымбек ауданында «Марум Жар Голд» ЖШС алтын өндірумен айналысып жатыр. Мекеменің алтын өндіру қуаты жылына 10-20 келіге жетеді. Сондай-ақ, аталған ауданда «Топливно – энергетическая компания Беркут» ЖШС көмір өндіру жұмысымен айналысып, Райымбек, Ұйғыр аудандарын қатты отынмен толықтай қамтамасыз етіп отыр.  Алдағы уақытта «Жетісу-Вольфрам» ЖШС вольфрам өндіруді жоспарлап, қазіргі таңда әлеуметтік нысандар салынуда, жұмыс басталғанда 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал «Tau-Ken-Mining» ЖШС Ұйғыр ауданынан полиметалл өндіруді қолға алмақшы. Кенді игеру жұмысы басталса, 50-100 жұмыс орны ашылады. «ГРК Коксу» ЖШС мен «Көксу» кен орнында шунгит өндіру жұмысы қарқынды жүруде. Қазірдің өзінде кен орны 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндіріс көлемінің өсуіне орай жұмысшылардың саны да көбейе түседі. Демек, жоғарыда айтылған жер қойнауын игеруге қатысты атқарылған жұмыстардың бәрі ел өркениетін өсіріп, өңір экономикасының еселенуіне көп ықпал етуде.

Бәрімізге белгілі, Елбасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы тапсырма берді. Осы тапсырманың толық орындалуы тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Ол үшін ең бастысы елімізде геологиялық сала мен минералды-шикізат базасын дамытып, бағдарламасын кеңейту мақсатында болашағы зор алаңдар мен кен шығатын объектілерге іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізу тиіс. Осы тұста, жұмысты тыңғылықты жүргізілуі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жыл 21 мамырдағы №526 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленгенін айта кету керек. Бағдарлама аясында бюджеттен 160 млрд. теңге бөлінді. Оның 44 млрд. теңгесі негізгі металл түрлері – мыс, қорғасын, мырыш және алтынның шикізаттық базасын нығайтуға бағытталуда.

Осыған орай, бүгінгі таңда Қатбар учаскесінде полиметал, Көкшиелі учаскесінде қорғасын, мырыш және басқа да полиметал іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Белгіленген жұмыс аяқталған сәттен жаңа үлгідегі геологиялық карталар комплексі құрастырылып, жаңа перспективалық аумақ, учаскелерді анықтай отырып, негізгі пайдалы қазбалар болжамдық ресурстарына геологиялық зерттеулер жүргізілмек.

Тағы бір айта кетерлігі, «Аумақтық, геологиялық түсірілім, іздеу – бағалау және іздеу-барлау жұмыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша соңғы бес жылда кең таралған пайдалы қазбалар бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың өз күшімен жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде пайдалануға жарамды 71 кен орны ашылып, қазіргі таңда өндіру жұмыстары басталды.

Әрине, атқарылған жұмыс қаншалықты салмақты болғанымен алдағы міндет те ауқымды. Сондықтан, геология саласының мамандары күнді түнге жалғап, ел болашағы үшін тер төгіп жүр. Есесіне, осындай қажыр-қайраттың арқасында ел экономикасы өркендеп, жұмыссыздар саны азайып келеді.

Қажет АНДАС

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.