Талдықорған: +18°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САЯЖАЙ МЕН ҚАЛАНЫ ЖАЛҒАЙТЫН ҚОС КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

19.11.2020
ЭКОНОМИКА
САЯЖАЙ МЕН ҚАЛАНЫ ЖАЛҒАЙТЫН ҚОС КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы Алматы облысының әкімі «Шайқорған» саяжайына барған жұмыс сапарында тұрғындар Қаратал өзенінен өтетін көпірдің жоқтығынан көп қиындық көріп жатқанын айтып, көпір салып беруін өтінген болатын. Міне, бүгін тұрғындардың сол тілегі орындалып, «Қызылтас» және «Шайқорған» саяжайларынан Қаратал өзені арқылы қала аумағына өтетін, автокөліктерге арналған қос көпірдің ашылу салтанаты өтті. Бұл игі іс Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында іске асып отыр. Шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, саяжайлықтардың қуанышымен бөлісті.

 – Бәріңізге белгілі, аймағымыздың экономикасы жыл сайын өсіп келеді. 2001 жылғы облыс бюджеті 27 млрд.теңге болса, бүгінде 760 млрд.теңгеден асты. Бұл еңбектің нәтижесі. Оның игілігін облыс тұрғындары көріп отыр. Жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үйлер бой көтеріп, электр, жылу, газ желілері тартылып, жол жөнделуде. Ертең жұмыс сапарымен Нарынқолға бармақпын. Бүгінде Нарынқол бұрынғыдан көп өзгерді. Ол жердегі жастарға қолдау көрсету мақсатында жүзге жуық тұрғын үй салып, бар жағдайын қарастырудамыз. Бүгінде екі мыңға жуық адам туған ауылына қайтып келіп, еңбектенуде. Басқа өңірлерде де осындай жақсылықтар жетерлік. Биылғы пандемиялық жағдайда ауызбіршілік танытып, қиындықты еңсере алдық. Жуырда облыстағы емханаларға 180 дана «Жедел жәрдем» көлігін тапсырдық. Тағы да 9 млрд.теңге қаржы бөліп, індеттің екінші толқынына қарсы шараларға дайындық жасалуда. Тәуелсіздік мерекесіне дейін Талдықорған қаласының екі жүзден астам тұрғыны баспаналы болады. Олардың қатарында көпбалалы аналар, жағдайы төмен отбасылар да бар. Осы игіліктеріміздің желісі үзілмесін, – деді Амандық Баталов көпірдің ашылу салтанатында.

Осыдан кейін Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт береке-бірлік, ауызбіршілік, адал еңбек болса, қиындықты еңсеріп, елдің өркендеуі, өңірдің дамуы үшін игілікті жұмыстар атқарыла беретініне сенім білдірді. Ал саяжай тұрғыны Әлия Бетебаева ел тілегін ескеріп, үлкен іс тындырған облыс басшылығына алғысын жеткізді. Жүрекжарды лебіздер тыңдалған соң лента қиылып, жиналған қауым жаңа көпірмен жүріп өтті.

Екі көпірдің құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен 595 млн.теңге бөлінген. Биылғы мамыр айында құрылыс жұмысы басталған. Карантиндік шаралар кезінде қандай қиындық кезіксе де, мердігер «Теплоремстрой» ЖШС көпір құрылысын сапалы әрі дер кезінде өткізген.

– Көпірді салу жұмысы мамыр айында басталды және мерзімінен бұрын тапсырылды. Көпірдің ұзындығы — 69 метр, ені 7 метрді құрайды. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындардан 70-ке жуық адам, жиырмаға жуық техника тартылып, жергілікті кәсіпорындарда дайындалған материалдар қолданылды. Біраз жыл тұрғындардың қолдануына жарамды, – дейді  мердігер «Теплоремстрой» ЖШС директоры Серік Қомшабаев.

Бұрын «Қызылтас» пен «Шайқорған» саяжайларының ортасын жалғайтын көпір тар әрі жүруге қолайсыз еді. Аспалы көпір саяжай тұрғындарының қалаға қатынауы үшін көп қиындық тудырып келді. Жаңадан салынған қос көпір бұл қиындықты ұмыттыратын болады.

– Су үстінде қалқып тұрған ескі көпірдің қиындығын көріп келдік. Әсіресе, қыс, көктем айларында өте қиын болатын. Мектепке кеткен балаларымыз кешке үйге оралғанша тағатсызданып күтіп отырушы едік. Енді, міне, сол қиындық артта қалды, – дейді «Шайқорған» саяжайының тұрғыны Ұлболған Шымырбекова.

«Қызылтас» саяжайына жасалған жақсылық бұл ғана емес. Биыл саяжайдың жолдарына асфальт төселіп, жаңадан электр желісі тартылды. Осы аумақты еріген қар және жаңбыр суынан қорғау мақсатында өзен арнасына күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл да тұрғындардың қуанышын еселей түскен.

– Жыл өткен сайын саяжайдағы тұрғындардың жағдайы жақсарып, тұрмысы түзеліп келеді. Бұрынғы жылдары қаланың іргесінде тұрсақ та, инфрақұрылым жағынан көп кенже қалушы едік. Осы істің басы-қасында жүрген басшылыққа алғысымыз шексіз, – дейді «Қызылтас» саяжайының тұрғыны Кенжебек Исабеков.

Жаңа көпір салдық деп көне көпірді қопарып тастаудың реті жоқ. Облыс әкімі Талдықорған қаласының басшысы Ғалымжан Әбдірайымов пен мердігер компания өкілдеріне ескі көпірді сол қалпында қалдырып, оның айналасын абаттандырып, келешекке сақтап қою керектігін айтып, көпір құрылысына қатысты сын-ескертпелерді тез арада түзетуді тапсырды.

Қажет АНДАС

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.