Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ШАРУАЛАР ҮМІТІ АҚТАЛУЫ ТИІС

17.02.2020
ЭКОНОМИКА
ШАРУАЛАР ҮМІТІ АҚТАЛУЫ ТИІС
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Малыбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Онда сервистік-дайындау орталықтарын құру және ауылшаруашылығы техникасын сатып алу туралы мәселелер талқыланды.

Жиынға «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерғазы Орымбасаров, Балқаш, Ескелді, Көксу, Райымбек аудандары әкімдерінің орын­басарлары, шаруа қожалықтарының бас­шылары мен ауылшаруа­шылығы тех­­никасын шы­ғаратын кәсіп- орындар­дың өкілдері қатысты. Талғат Жанболатұлы өз сөзінде аталған орталық ауылшаруашылығын дамытуда және кәсіпкерлерді шоғырландыруда маңызды орын алатынын атап өтті. 
2011-2019 жылдары «Жетісу» ӘКК қызылша және аралас салалары бойынша 45 СДО құрылған. Оның ішінде қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көкөніс, жүгері, күріш, картоп және жем дайындау бағыттары бар. Аталмыш орталықтарға 1116 дана ауылшаруашылығы техникасы берілген. Талғат Жанболатұлы СДО құру бойынша барлық рәсім заң талаптарына сәйкес ашық жүргізілуі тиіс екенін айтты. СДО ашуды жоспарлап отырған шаруа қожалықтарының басшыларымен дайындық мәселелері, шар­уашылық­тардың қар­жылық жағдайы, жер учаскелерінің болуы, техниканы сатып алу жоспары, лизинг шарттары талқыланды.
– Сервистік-дайындау ор­талықтарының міндеттерінің бірі облыстың тұрақтандыру қорын бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дайын өнім болған жағдайда тұрақтандыру қоры аталған өнімді сатып алуға ниетті немесе оларды нарықтық құнынан төмен бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендерде сауда нүктелерін ұсына аламыз, – деді Талғат Жанболатұлы.
Талқылау барысында облыстың ірі күріш шаруашылықтарының бірі «БірлікАгроФирма» ЖШС басшысы Әбдіжаппар Қыстаубаев кәсіпорынды одан әрі дамыту, машина-трактор паркін жаңарту және шығындарды төмендету мақсатында күріш бағыты бойынша СДО құру қажеттігін айтты.
– Біз жыл сайын 5 мың гектардан аса алқапта күріш егеміз. Балқаш ауданында күріш өсірумен айналысатын ірі шаруашылықтардың біріміз. Сондай-ақ, облыстың тұрақтандыру қорына күріш жеткізе бастадық. Шаруашылықты одан әрі дамытқымыз келеді. Қазір бізде бар техниканың басым бөлігі ескірген. Бәсекеге қабілетті болу үшін бізге машина-трактор паркін жаңарту қажет, – деп түсіндірді аталмыш серіктестік басшысы. 
«Дүйсенбінов А. Қ.» қызылша шаруашылығының басшысы Айдын Дүйсенбінов биыл қызмет саласын кеңейтіп, сүтті және етті тұқымды мал өсіруді жоспарлап отырғанын айтты. Осы мақсатта СДО құрып, онда мал азығын дайындау үшін ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға ниетті.
– Біз қант қызылшасын 400 гектардан аса алқапқа егеміз. Өткен жылы 19 мың тонна өнім жинап, зауытқа тапсырдық. Қазір шаруашылық базасында 100 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасы және 1 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы жұмыс істейді, – деп қосты фермер.
Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әпеков шаруашылықтың жұмыс нәтижелері мен жоспарларын растады. Райымбек ауданында шаруалар жаңа СДО құруға дайын отыр. Онда жемшөп дайындау және картоп өсіру қолға алынбақ. Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов құрылып жатқан СДО қатысушыларында шамамен 2000 гектар жер бар екенін хабарлады. Осыған байланысты ауылшаруашылығы техникасы қажет.
– Райымбек ауданы шал­­­ғай жатқан аудан бол­ған соң бүгінгі күні шаруашылықтардың техника пар­кі қатты ескірді. Аудан шаруашылықтарын көтеру үшін облыс басшылығы барынша қолдау көрсетуде. Алдыңғы жылы тұқым өсіру шаруашылықтарына картоптың элиталық тұқымдары әкелініп, өнімділік бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Осы бағытты одан әрі дамыту, сондай-ақ, қолда бар мал басының жемшөп дайындығын дамыту үшін ауданда ауылшаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттар бойынша алу қажеттілігі бар, – деп атап өтті Самат Сатылғанов.
Жиын соңында биыл облыста алты жаңа СДО құру жоспарланып отырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Жамбыл, Көксу, Ескелді аудандарында, жем дайындау және картоп бағыты бойынша Райымбек ауданында, күріш бағыты бойынша Балқаш және Қаратал аудандарында СДО-лар құру ойға алынуда. 
Ауылшаруашылығы тех­никаларын өндіруші кәсіп­орындардың ресми өкіл­деріне техниканың құны мен оны уақытылы жеткізу­ге қатысты сұрақтар қойы­лып, Талдықорған қаласында компаниялардың сервистік орталықтарын құру бойынша ұсыныстар айтылды. Шаруашылық бас­шылары техниканың бір бөлігін көктемгі егіс жұмыстарына дейін алу керектігін мәлімдеді.  Сонымен қатар, шаруа қожалықтары үшін теориялық және практикалық оқыту жүргізіледі.
Жиынды қорытындылаған Талғат Жанболатұлы өндіруші компаниялар өкілдеріне шаруалар үмітінің ақталуы тиіс екенін және техникалардың көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін уақытылы жеткізілуі қажет екенін айтты.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.