Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«СУ БАСУ ҚАУПІ БАР»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АУЫЛДЫ АЛАҢДАТҚАН ЖАЙТҚА ЖАУАП БЕРДІ

31.01.2020
ЭКОНОМИКА
"СУ БАСУ ҚАУПІ БАР": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ АУЫЛДЫ АЛАҢДАТҚАН ЖАЙТҚА ЖАУАП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Қаратал ауданына келді. Мұнда ол Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бұлдыбаевтың халық алдында есеп беру жиынына қатысты.

Аудандық Мәдениет үйінің фойесіне қойылған, атқарылған жұмыс көрсеткіштерінен сыр шертетін көрмені облыс әкіміне Қайрат Найманбайұлының өзі таныстырды. Көрмеде көрсетілгендей, ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс көп. Аудан әкімі тартылған инвестиция, әлеуметтік сала бойынша көпбалалы аналарға берілетін көмек және тұрғын үй мәселесі жайлы нақты жоспарларды ашып көрсетіп, олардың жүзеге асу уақытын баян етті. Нақты жұмыс көрсеткішін көзімен көрген аймақ басшысы Қайрат Найманбайұлына істі аяғына дейін жеткізуді тапсырды.

Бұдан кейін аудан тұрғындарының алдында Қайрат Бұлдыбаев есепті баяндамасын жасады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудан басшысы 37 есептік кездесу өткізген. Әр кездесуінде көпшіліктен түскен ұсыныстарды шешу жолдарын қарастырған.

Ауылдық округ әкімдері, қала басшыларының кездесуінде әлеуметтік сала, құрылыс, жол, ауызсу, көше жарығы және интернет желісі туралы 32 ұсыныс айтылған. Осы ұсыныстарды сараптап, тиісті орындар жұмыс істеп, өз шешімін тапты. Сондай ұсыныстың бірі — Бастөбе ауылдық округіндегі Жылыбұлақ ауылын ауызсумен қамтамасыз ету болатын.

Бұл жайында аудан басшысы өзінің баяндамасында ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстары жобасының құны 404 млн.377 мың теңгені құрайтынын, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында жариялау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Екінші ұсыныс –Үштөбе қаласында орналасқан А.Пушкин атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Көптен бері шешімін таппай келе жатқан бұл мәселе биылғы жылы орындалмақ. Нақтырақ айтқанда, аудан басшысы ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілгенін, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 933 млн. теңгеге өтінім жасалғанын баяндады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар ілкімді іс тындырылған. Мәселен, бюджеттің кіріс бөлігі 1 млрд. 273 млн. теңгегені құрап отыр. Әсіресе инвестиция тарту мәселесі жолға қойылыпты. Аудан экономикасына 8 млрд. 688 млн. теңге тартылған. Мұның қомақты көрсеткіш екенін айта кеткен жөн.

Аудан әкімінің баяндамасына сүйенетін болсақ, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша ауданда «Қаратал селекция – гибридтық орталығы» мал өсіру шаруашылығы негізінде ет және шұжық өндіріс жобасы» іске асырылуда. Жоба құны 5,4 млрд.теңге, шығарылатын өнім 100 пайыз экспортқа бағытталған. Бүгінгі күнге 3,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақтың бірі. Суы да, нуы да бар шұрайлы жерге орналасқандықтан мал етін экспорттау және мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары баршылық. Шағын және орта бизнесті қолға алған кәсіпкерлерге бұл орайдағы бағдарламалардың көп көмегін тигізетіні анық.

Ауданда іске асырылып жатқан ірі жобаның бірі – «ТастобеАгроФуд» ЖШС-нің «Сүт өндіріс кешенінің құрылысы». Алғашында шағын болып ашылған ЖШС қазіргі таңда құлашын кеңге сермеп, ірі кәсіпорынға айналды.

Бұл жайында Қайрат Найманбайұлы

— Жоба құны 1,0 млрд. тенгені құрайды. 2016 жылы Германиядан «Симментальская» тұқымды, сүтті бағытындағы аналық ірі қара әкелінді.  Бүгінгі күні мал басының саны 1100-ге жеткізілді. Оның 610-ы аналық бас. 2019 жылы тартылған инвестиция 625 млн. теңгеге қосымша мал базы салынып, ауылшаруашылық техникалары, керекті құрал-жабдықтар, қосымша ірі қара малдары алынды. Тәулігіне 10,7 тонна сүт «JLC» сүт өңдеу зауытына өткізілуде. Ағымдағы жылы тартылатын инвестиция көлемі – 300 млн. тенгеге мал қораларын кеңейтіп, қосымша мал басын ұлғайту және 150 млн. теңгеге жаңбырлатып суару  агрегатын орнату жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге жұмысшылар 15 тұрғын үймен қамтамасыз етілген, биылғы жылы қосымша тағы 2 пәтер салынады, — деді.

Бұл өмірін мал шаруашылығымен байланыстыратын ауыл тұрғындарына көп көмек тигізіп отыр. Инвестиция көбейген сайын жұмыс орындары да көбейеді деген сөз.

Ауданда өнеркәсіп саласы кешеуілдеп қалған болатын. Кеңес заманындағы ірі кәсіпорындар жабылып, олардың жұмысы тұралап қалған-ды. Осындай келеңсіздіктің салдарынан халық темір жол жағалап, жұмыс іздеп кеткен кездер де болғаны есімізде. Қазір сол кәсіпорындардың қатарын толтыратын басқа жобалар іске асып, халықты жұмыспен қамтып отыр.

– Өнеркәсіп алаңында іске асырылып жатқан жобалардың бірі «АлматыЭнергоПроджект» ЖШС «Күн электр стансысы» жобасы. Құны 2,3 млрд.теңге, тәуліктік қуаттылығы 4,95 МегаВат құрайды. 2019 жылы осы кәсіпорын 1 млрд.теңге инвестиция тартты. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, нысанды іске қосу 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Келесі кезекте «Секвойя Плюс» ЖШС-нің «Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны 240,0 млн.теңге, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндіріс орнын қайта жаңғырту үшін бағдарламалық жасақтамалар жасалған, ағымдағы жылы қосымша бояу еріткіштерді өндіру цехын ашуды жоспарлауда. Қуаттылығы жылына 20,0 мың тонна. Жоба 2020 жылдың 1 тоқсанында іске қосылады, – деді аудан әкімі.

Қайрат Найманбайұлы ауданда әлі де атқарылатын шаруалардың көп екенін айтып, жоспарда жол жөндеу, ауызсу мәселелерінің бар екенін алға тартты. Олардың да кезең-кезеңімен шешімін тауып, ретке келетінін жеткізді. Оған бюджеттен қаражат қарастырылып жатқандығын және біраз көшені жөндеуге ақша бөлініп, биыл жөндеу жұмыстары атқарылатынын тілге тиек етті. Елді мекендерге қатынайтын жол мәселесі де сөз болып, оның да шешімі айтылды. Мысалға Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік тасжолының 28,2 шақырымын жөндеуге 471 млн.123,0 мың теңге бөлініп, алдағы уақытта жұмысы басталатынын атап өтті.

Бұдан кейін залдан сұрақтарға кезек келді. Аудан тұрғыны В.Сприндонова қала ішіндегі арық жүйесі мен кәріз жүйесінің тозығы жеткенін, арықтардың тазаланбағанын  айтып, арықтан суарылу жұмысын қолға алса деген өтінішін ортаға салды. Бұдан кейін оқушылардың автобуспен қатынау мәселесін, қала ішінде қоғамдық көліктің жүрмейтіндігін сөз етті. Бұл жайында әкім қазіргі уақытта екі маршрут қарастырылғанын, алдағы уақытта үшінші маршрут қосылатындығын, оған қазір қаражат қарастырылып, жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.

Аудан әкімінің есебінде жарыссөзге шыққандар көп болған жоқ. Жалпы халық аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық баға берді.

Есеп беруді қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов облыстың экономикалық ахуалына кеңінен тоқталды. Жуырда Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған тапсырмаларын баяндап, негізгі міндет өңірге ивестиция тарту екенін жеткізді.

Бұл тұрғыда Қаратал ауданы жақсы жұмыс атқарған. Одан кейін халықтың айтқан ұсыныстарына байланысты арық жүйесін жаңғыртуға ақша тауып беретіндігін айтып, сол жерде жауапты адамдарға тапсырма берді. Кәріз жүйесін жөндеуге де қол ұшын созатындығын айтып, оның сметалық жобасын әзірлеуді жүктеді. Сонымен қатар, аудандық аурухана мәселесі сөз болды. Бір-екі жылдың көлемінде басталған жөндеу жұмыстары аяқталмай, тоқтап қалған болатын. Соған орай тиісті басқарма басшыларына жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды.

Одан кейін ортаға шыққан Тастөбе ауылының тұрғыны ауылға Қаратал өзені жағалауының жақындап келе жатқанын, соған орай ауылды су басып кету қаупі бар екенін, су басса, тұрғындар қайтетінін, бұл бүкіл ауылды алаңдатып отырғанын айтты. Әкім мұны төтенше жағдайлар департаментінің басшысына айтып, жедел бақылауға алуды және қауіптің алдын алу жұмыстарына кірісуді тапсырды.

Жиыннан кейін облыс әкімі Амандық Баталов халықты жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жалпы он адам келіп, облыс әкіміне өтініштерін айтты. Қабылдауда айтылған барлық сауалдар өз шешімін табатын болды.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.