Талдықорған: +14°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

СӘУЛЕТШІЛЕР КҮНІ: ӘР ҒИМАРАТТА ҚОЛТАҢБАМЫЗ БАР

02.07.2019
ЭКОНОМИКА
СӘУЛЕТШІЛЕР КҮНІ: ӘР ҒИМАРАТТА ҚОЛТАҢБАМЫЗ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Сәулетшілік өнердің өрісі кең. Ақ қағазға айшықтала түсетін сан түрлі жобалардың сызбалары тәуелсіз еліміздің тарихи-мәдени дамуында, сәулет құрылысында айрықша маңызға ие екендігін ескерер болсақ, бұл аталған мамандық иелерінің шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін де айқындайды. Жылма-жыл халық саны еселеп артып келе жатқан ауданда бой көтерген жаңа нысандар көп. Солардың әрбірінің заңдық талаптарға сай орналастырылып, сән-салтанатымен салынуына сәулетшілердің сіңірер еңбегі орасан зор.

– Бүгінгі уақыт талабына лайық халыққа қызмет етудің сапасы мен жауапкершілігі өте жоғары. Ауданымыздың көркеюіне өзіндік қол­таңбасын қалдырып жүрген сәулетшілердің бұл жолдағы еңбектері де өлшеусіз. Біздің мекемеде «электрондық құжат айналымы» бойынша осы жылдың қаңтары мен мамыр айы аралығында 8760 кіріс хат енгізілген. Яғни, бұл сала мамандарына жүгінетін сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқандығын көрсетеді, – дейді Талғар аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Марат Рысбеков.

– Аталған бөлім қыз­мет­керлері тұрғындарға 4 түрлі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Атап айтсақ, біріншіден, ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объек­тілерінің мекенжайын айқындау бойынша берілетін анықтамалардың саны 1652-ге жетсе, екіншіден, берілген сәулет жоспарлау тапсырмаларының саны (АПЗ) артып келеді. Бүгінде ол – 1201-ге жетіп отыр. Сонымен бірге, тіреу және қоршау конструкцияларын, ин­женерлік жүйелер мен жабдықтарды өз­герт­пей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жай­ларды (жекелеген бөлік­терін) реконструк­ция­лау­ға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ше­шім шығарылады, – деген ау­данның бас сәулетшісі барлығы  мемлекеттік көрсе­тілетін қызмет стандарты бойынша қысқа мерзім ішінде дайындалатындығын тілге тиек етті.

Мекеме мамандарының құзыретіне кіретін 4-ші міндет – эскизді (эскиздік жобаны) келісу. Бұл мақсатта 1652 өтінім қабылданған. Бұл да объектілердің күрделі және күрделі еместігіне қарай 10 және 15 жұмыс күні аралығында атқарылады.

Сәулет және қалақұрылысы бөлімі өз құзырына сәйкес қосымша 13 түрлі қызмет түрін көрсетеді. Олардың дені жерге орналастыру, жер учаскесін таңдау және зерттеу актісі, жер учаскесіне дайындалған қорытынды және жер учаскесінің қызыл сызығын анықтау сынды өтініштерді саралайды.

Мемлекеттік мекемеде көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде, мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады. Бөлім мамандарымен жеке түсіндіру, насихаттау жұмыстарының жібін үзбеу дәстүрге айналған. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарттарды қатаң басшылыққа алу қадағаланады. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру және жауабының уақтылы берілуі басты назарға алынған. Осындай жоғары талаптың арқасында мамандардың іскерлігі артып, ел ризашылығына бөленуде десек, еш әсірелегендік емес. Бұл орайда бөлімнің бас мамандары Қуаныш Аскеев пен Дәурен Мұқанов, сондай-ақ, сан жылдар еңбек етіп келе жатқан Сиезбек Бүйембаев, Қуатбай Патулаевтың есімдерін ерекше атау ләзім.

Бүгінде баспанаға қол жеткізудің тиімділігін арттыратын мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл орайда Талғар өңірінде де айтулы жобалар іске асуда. Соның бірі – «Жаңа Талғар» көпқабатты жаңа мөлтекауданның бас жобасы. Қаланың көркіне көрік қосылып, сәулеті келіскен еңселі тұрғынүйлердің бой көтеретін уақыты да алыс еместігін тілге тиек еткен Марат Тұқанұлы бұдан өзге де ірі жобалардың эскизі жасалып жатқанын арқау етті. Олай болса, құрылыс қарқын алып, көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқан бүгінгі күнде сәулетшілер еңбегінің жарқырай көрініс табуымен қатар, шығармашылық шеберліктерінің де сыналар сәті туғандығын айрықша атағымыз келеді.

Аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі орналасқан еңселі ғимаратта «Талғар ауданы. Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары да халыққа қалтқысыз қызмет етеді. Аталған серіктестікте ширек ғасырдан астам уақыт табан аудармастан еңбек сіңіріп келе жатқан нәзік иықты сәулетші Рыскүл Базарбекованы өз ісінің хас шебері екендігін ел біледі. Жауапкершілігі зор мамандықты таңдаған талантты сәулетші бойындағы суретшілік өнердің нәрі мен сөлін, қаламының қуатын осы саланың жандануы мен жаңғыруына жұмылдыруда.

– Сәулетші болу ер азаматтарға ғана лайық мамандық тәрізді көрінетін. Шын мәнінде, ол шығармашылық ізденіс пен ерен еңбектің шыңы саналады. Тәуелсіз еліміздің тарихында қаншама ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар салынуда десеңізші?! Соның әрбірінде сәулетшінің қолтаңбасы қалып жатады. Сондықтан, жауапкершілігі мол салада еңбек етіп жүрген әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектерінің жемісін көруін тілеймін, – дейді тәжірибелі сәулетші Рыскүл Бейсенәліқызы.

Міне, ауданның көркеюі мен гүлденуіне, тұрғындардың талап-тілегінің дер шағында орындалуына жұдырықтай жұмыла еңбек сіңіріп жүрген сәулетшілер еңбегінің ақталып, абырой биігінен көрінуіне тілектестігімізді білдіреміз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.