Талдықорған: +21°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАБАЛДЫРЫҚ ТОЗДЫРМАЙДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫ

02.05.2019
ЭКОНОМИКА
ТАБАЛДЫРЫҚ ТОЗДЫРМАЙДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Алматы облысына жасаған арнайы сапарында өңірлік кәсіпкерлер палатасына ат басын бұрды. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Президентіне облыстық кәсіпкерлер палатасы базасында құрылған «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын таныстырды.

Жоба мақсаты — «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын бір орталықтан көрсету. «Кәсіпкерлер «Бизнеске арналған Үкіметтен» өздеріне қажетті кеңестер мен жобаларына қолдау алуда. Бастысы, бәрі айқын, ашық және қолжетімді. Палата, мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдарының өкілдері кең көлемді қызмет түрлерін ұсынады. Бұдан былай бизнес өкілдері мемлекеттік органдардың табалдырығын баяғыша тоздырмайтын болады. Қызметтерді онлайн режимде алуға мүмкіндік бар», — деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Мемлекет басшысына өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының атқарып жатқан басқа да жұмыстары таныстырылды. Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов аймақтық «Атамекеннің» кәсіпкерлер құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау, несиелендіру мен адами капиталды дамыту бағыттары аясындағы жұмыс нәтижесі туралы айтып берді. Палата ғимараты іскерлік форумдар, В2В кездесулер мен көрмелер өткізетін бірегей алаңға айналып, кәсіпкерлердің екінші үйі іспеттес болып кеткенін жеткізді.

«Бастау» оқыту жобасы ауыл тұрғындары үшін таптырмас демеу болды. Қазіргі таңда оқу Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында өткізілуде. Өткен жылы жобаны 3361 азамат оқып шыққан. Жалпы құны 2,5 млрд. теңгеге 955 жоба қаржыландырылған. Биыл кем дегенде 1500 адамды оқыту мен шамамен 900 бизнес-жобаны қаржыландыру жоспарланған.

Басты көрсеткіштің бірі ретінде соңғы бес жыл ішіндегі нәтижелер айтылды. Осы аралықта кәсіпкерлер палатасына құқықтық қолдау мақсатымен 2678 өтініш келіп түскен (2018 жылы 365 шағым тіркелген), 95 әкімшілік кедергі жойылған. Қолға алынған жұмыс арқасында кәсіпкерлер 3,2 млрд теңге үнемдеген. Есепті кезеңде палатаның аудандық және қалалық филиалдарында 102600 кәсіпкер ақысыз сервистік қызмет пен кеңес алған. Жұмыссыз жүрген және кәсіпті жаңадан бастаған 7200 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқып, 5 мыңнан астамы өз бизнесін ашқан.

«Бизнеске арналған Үкіметте» қызмет көрсетудің мамандандырылған 5 аймағы жұмыс істейді. «Өткізу» аймағында бизнеске арналған маркетинг, бухгалтер қызметі, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңестер, CT KZ сертификатын беру, сондай-ақ,  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «ТАТЭК» АҚ, «Жетісу Су құбыры» ШЖҚ МКК, «Талдықорғанжылусервис» ҚМКК тарапынан қызметтер көрсетіледі. «Қаржыландыру» аймағында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ сияқты қаржы ұйымдары мен даму институттарының қызметтері ұсынылған.

«Құқықтық сүйемелдеу» аймағында кәсіпкерлердің құқығын және заңды мүдделерін қорғау қызметі, дауларды сотқа дейін реттеу ұсынылады. Сонымен қатар, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары басқармасының өкілдері кәсіпкерлерге кеңес береді. «Оқыту» аймағында өңір тұрғындары мен кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтар қысқа мерзімді оқытуға, «Бизнес Мектеп» пен «Бастау Бизнес» жобалары аясында кәсіпкерлік негіздерінің курсына жазыла алады. Жұмыспен қамту орталығының да қызметі көрсетіледі.

«Цифрлыққызметкөрсету» аймағындакәсіпкерлер онлайн режимінде мемлекеттік қызметтері мен «AtamekenServices» порталы арқылы қажетті бизнес-қызмет түрлерін қолдана алады. Бұдан бөлек, жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атамекен» ҚР ҰКП мен Кәсіпкер әйелдерді қолдау қорының бірлесе ұйымдастырып отырған  «ALTYN OIMAQ» қазақстандық киім дизайнерлерінің жобасы таныстырылды. Байқау мақсаты — отандық сән индустриясын дамыту мен ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау.

Диас БЕЙСЕНБЕК,

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

24.04.2026
Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.