Талдықорған: +16°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖАҢА ҚАЛАНЫҢ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

25.01.2019
ЭКОНОМИКА
ЖАҢА ҚАЛАНЫҢ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ «Алматы–Алтынкөл» бағытындағы пойызбен келіп, көршілес ҚХР еліндегі әріптестермен «Қорғас» халықаралық теміржол бекетінде кездесу өткізді. Шарада екіжақты келісімшартқа қол қойылды. Екі ел шойын жолының басшылары кедендік өткізу мүмкіндіктерін саралап, жүк тиеп, сақтау орындарымен танысты.

Кездесуден кейін Сауат Мыңбаев Қазақстан тарапындағы «Алтынкөл» халықаралық теміржол стансысына келіп, облыс әкімі Амандық БАТАЛОВПЕН бірге бекет жұмысымен танысты. Мұндағы жұмыс нәтижесі жайлы «Алтынкөл» бекетінің директоры Жандос Ұнтақбаев баяндады. Бекет қызметкерлері тәулік сайын 15 пойызға контейнер тиеп, жөнелтеді. Күн сайын 20 пойыздың жүк тасуға мүмкіндігі бар. Өткен жылы 2482 пойыз немесе 111512 вагон ары-бері өткізілген. Тасымалданған жүктің 377,3 тоннасы ҚХР-ға, 2,3 миллион тоннасы ҚХР-дан Қазақстанға жүк өткізген.

Облыс басшысы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының төрағасына болашақ Нұркент қаласының бас жоспары таныстырылды. Теміржолшылар мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында салынатын қаланың бас жоспары туралы «Урбостил» ЖШС директоры Л.Нысанбаева мәлімдеді. Қаланың бірінші шағынауданында көпқабатты 8 тұрғын үйдің құрылысы басталмақшы. Ал 2022 жылға дейін 1055 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, оған 50 мың адам қоныстандырылып, тұрғындар қатары арта түспек. Қаланың жобасы бекітіліп, жалпы 416,4 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Құрылыстың жалпы сметалық құны 745,6 миллион теңгені құрамақ. 86 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын жобалауға жергілікті бюджеттен 34, 7 миллион теңге бөлінген. Жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптауға беріліп, үстіміздегі жылдың ақпан айында дайын болады. Әрқайсысы 60 пәтерден тұратын 4 үйдің құрылысын «Базис» ЖШС салмақшы.

Бұдан кейін Сауат Мыңбаев бастаған топ жұмыс барысымен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы «Құрғақ портқа» келіп, «КТZE-Kһорgos Gateway» ЖШС қызметімен танысты. Өткен жылы мұнда 660 жабық вагон, 570 контейнерге жүк тиеліп, жөнелтілген. Арнайы экономикалық аймақтағы тағы бір үлкен жаңалық — 10 гектар аумаққа 5,1 миллиард теңгеге «А» санаттағы қойма ғимаратының салынғаны. Біз көргенде оның сырт құрылысы тамамдалып, ішін бөлмелерге бөліп, әрлеу жұмыстары басталыпты. Қойма үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға берілмек. Оның ішінде 24964 шаршы метр құрғақ, 14616 ауа райы өзі реттелетін қойма салынбақшы. Қойма құрылысы аяқталғанда жалпы 50 жұмыс орны ашылады.

Бұдан соң арнайы экономикалық аймақтың әкімшілік ғимаратында басшыларға  инвестициялық жобалар бейнебаян арқылы көрсетілді. Сапар соңында «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығына барған қонақтар орталықтың Қазақстан тарапындағы жаңадан пайдалануға берілген бірнеше сауда үйін аралап, отандық және шетелдік тауарлардың түр-түсін және сапасын көрді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.