Талдықорған: +9°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жамбыл жұртшылығымен жүздесті

18 қаңтар 2018
ЭКОНОМИКА
Жамбыл жұртшылығымен жүздесті
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов ауданымыздағы іссапарын Қасымбек ауылында орналасқан «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС-дан бастады. Жарық-электр жабдықтарын және металл бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын халық қалаулысына кәсіпорын басшылары көрсетті.

Зауытта жарықдиодты шамдардың 350-ден астам түрі шығарылады. Олардың қатарында кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі жарықтар бар. Сонымен қатар, ыңғайлы оқушы парталары, көшеге, саябақтарға арналған әдемі орындықтар, кеңсе сейфтері сияқты басқа да сапалы бұйымдар жасалады. Серіктестік өткен жылы айына 200 мың бірлік өнім шығарды. Бұл еліміздегі нарық сұранысының 70 пайызын қамтиды. Зауыт өнімдері жақын шет мемлекеттерге, сондай-ақ, Парсы шығанағы мен Латын Америкасына да экспортталды. Жыл сайын зауыттың техникалық жарақтандырылуына 500 млн. теңге инвестиция жұмсалады. Кәсіпорында 200-ден аса жұмысшы еңбек етеді. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жаңа жұмыс орындары құрылған. 
Одан кейін Мәжіліс депутаты Ұзынағаш ауылындағы жекеменшік «Амира» балабақшасына келді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін мекеменің қызметімен жеке кәсіпкер Талғат Орынбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйләш Бәкірова, балабақша меңгерушісі Гүлнұр Қалдыбаева таныстырды. 2016 жылы ашылған мектепке дейінгі мекеме 150 балаға арналған. Мұнда 12 тәрбиеші мен 5 күтуші еңбекпен қамтылған. Бүлдіршіндер «Балапан», «Ботақан», «Балауса», «Күншуақ» және «Солнышко» топтарына бөлінген. Халық қалаулысы балаларға мектепке дейінгі білім берудің жергілікті жердегі жай-жапсарына риза болып, көрнекі құралдармен қамтамасыз етілуіне баса назар аударды.
Депутат аудан орталығындағы Наурызбай батыр атындағы орта мектептің залында білім, мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісі депутаттарының жұмысынан хабардар етіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылады. Ұлттық код, ата дәстүр, педагог мәртебесін көтеру төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылардың ұсыныс-тілектерін сұрап біліп, қойылған сауалдарына жауап берді.
 

Серік САТЫБАЛДИЕВ,

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.