Талдықорған: +21°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

15.06.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

kazgazeta.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың қасиетті қара шаңырағымен қатар жасап келе жатқан қымыз бен шұбат – ұлттың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрімен астасқан қастерлі тағам. Бірі – жылқының, бірі – түйенің сүтінен дайындалатын бұл қос сусынның қадірі ғасырлар бойы кеміген жоқ. Алайда соңғы жылдары олардың бағасы өңірден өңірге айтарлықтай өзгеріп, тұтынушылар арасында түрлі сауал туындатуда.

Қазақстан қалаларындағы баға көрсеткіштеріне назар аударсақ, қымыз бен шұбат құны географиялық орналасу, шикізат қоры, тасымал шығыны және нарық сұранысына қарай қалыптасатыны байқалады.

Қымыз бағасы бойынша ең қолжетімді өңірлердің қатарында Қызылорда, Алматы, Шымкент тұр. Бұл аймақтарда бір литр қымыздың құны 800-1200 теңге аралығында. Ал еліміздің шығыс және орталық бөліктерінде баға едәуір жоғары. Өскемен мен Семейде қымыз литрі 1700-2400 теңгеге дейін жетсе, Жезқазғанда 2400 теңге.

Ал Талдықорғанда қымыздың литрі 1300-500 теңгеден басталады. Бір қарағанда бұл көрсеткіш орташа деңгейде көрінгенімен, оңтүстік өңірлермен салыстырғанда айырмашылық айқын байқалады. Мәселен, Алматы тұрғындары қымызды 1000-1200 теңгеге тұтынса, Қызылордада оны 800 теңгеге де табуға болады. Демек, Жетісуда ұлттық сусынның бағасы оңтүстік аймақтардан шамамен 25-40 пайызға жоғары.

Бірақ облыс орталығындағы баға республикалық көрсеткіш аясында қарастырылғанда аса қымбат санатқа жатпайды. Қарағанды, Ақтау, Жезқазған, Семей мен Өскемендегі бағалармен салыстырғанда Жетісудағы қымыз әлдеқайда қолжетімді.

Шұбат нарығындағы көрініс те осыған ұқсас. Еліміздің бірқатар өңірінде шұбаттың литрі 1000-1200 теңге аралығында сатылса, шығыс аймақтарда баға 2000 теңгеден асып түседі. Көкшетаудағы жағдай тіпті ерекше. Мұнда шұбаттың бір литрі 5000 теңгеге дейін жетіп, республика бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген.

Жетісу облысында шұбаттың литрі шамамен 1100 теңге тұрады. Бұл республикадағы ең қолжетімді бағалардың бірі саналады. Тіпті Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Өскеменмен салыстырғанда Жетісудағы шұбат бірнеше жүз теңгеге арзан. Мұндай көрсеткіш өңірдің мал шаруашылығымен тығыз байланысы мен өнім жеткізу тізбегінің салыстырмалы түрде тиімді ұйымдастырылғанын аңғартады.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық сусындардың бағасына бірнеше фактор ықпал етеді. Алғашқысы – шикізат қоры. Жылқы мен түйе саны көп аймақтарда өнім құны төмендеу қалыптасады. Екіншісі – тасымал шығыны. Өнімді алыс қашықтыққа жеткізу бағасына қосымша салмақ түсіреді. Үшіншісі – маусымдық ерекшелік. Жаз мезгілінде сауын малы көбейіп, ұсыныс артқандықтан баға біршама төмендейді.

Жетісу облысының ерекшелігі – қымыз бағасы республикалық орташа деңгейден сәл жоғары болғанымен, шұбат бағасының төмен болуы. Бұл өңірде екі өнімнің де тұтынушылары көп, ұлттық тағамдарға деген сұраныс тұрақты сақталған.

Қымыз бен шұбат – нарықтағы ұлттық бренд. Сондықтан олардың өндірісін ұлғайту, шағын шаруашылықтарды қолдау және өңдеу кәсіпорындарын дамыту алдағы уақытта бағаны тұрақтандырып қана қоймай, қазақтың дәстүрлі тағамдарын кеңінен дәріптеуге жол ашары анық.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19.06.2026
Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

19.06.2026
Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

Дара дәстүр немесе «Табалдырық» туралы түсінік

19.06.2026
Қарымта ойында шешіледі

Халық ойындары. Жетісудың футболшылары жеңімпаз атанды

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.