Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19 маусым 2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

adebiportal.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Әйгілі жазушы, Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің қазақ тілінде қос бірдей кітабы жарық көрді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.  

Қазақтілді оқырманға әлем әдебиетінің көрнекті өкілі, 2012 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, қытай жазушысы Мо Яньнің қазақ тіліндегі екі бірдей кітабы таныстырылады. Қазақстан Жазушылар одағынан жарық көрген бұл еңбектер – жазушының әйгілі «Сарымсақ жыры» романы мен «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» атты публицистикалық жинағы.

Кітаптардың тұсаукесері мен ресми таныстырылымы 2026 жылғы 22 маусым күні Алматы қаласында автордың қатысуымен өтеді. Бұл қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын маңызды оқиға болмақ.

«Сарымсақ жыры» – Мо Янь шығармашылығындағы ең танымал туындылардың бірі. Жазушының өзіне тән магиялық реализм элементтері мен өткір әлеуметтік сынға құрылған бұл роман көптеген тілдерге аударылып, әлем оқырмандарының жоғары бағасына ие болған.

«Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» – қазақ тілінде жарық көріп отырған Мо Яньнің тұңғыш публицистикалық жинағы. Кітапқа жазушының әр жылдары жазылған эсселері, әдеби толғаныстары, сұхбаттары мен публицистикалық мақалалары топтастырылған. Жинақта автордың әдебиет пен өнер туралы көзқарасы, шығармашылық зертханасы, заманауи қоғам жайлы пайымдары, сондай-ақ әлем әдебиетінің ірі тұлғаларына қатысты ой-толғамдары қамтылған. Кітап атауының өзі Мо Янь шығармашылығына елеулі ықпал еткен америкалық жазушы Уильям Фолкнерге деген рухани құрмет пен әдеби сабақтастықты аңғартады.

Қазақ тілінде жарық көрген қос кітап – әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын қазақ оқырмандарына жақындату жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар бұл басылымдар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына да өзіндік үлес қоспақ.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.