Талдықорған: +14°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЕЛОРДАДА 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ САУДАЛАП ҚАЙТТЫ

07.09.2020
ЭКОНОМИКА
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЕЛОРДАДА 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ САУДАЛАП ҚАЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын Елорда төрінде ұйымдастырылатын ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі биыл да жалғасты. Игі дәстүр «Хан-шатыр» ойын-сауық орталығының жанында өтіп, қалалықтарды дән  риза етті. Шарада саудаланған табиғи өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылды.

Жетісулық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін елордаға облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев бастап барды. Облыс әкімінің орынбасары: «Жылдағы дәстүрге сәйкес Жетісу жерінде өсіріп, өндіргендерімізді Нұр-Сұлтан қаласына әкелдік. Біздің өнімдерімізді жергілікті тұрғындар жақсы біледі әрі асыға күтеді. Күннің күрт суытуына қарамастан сауда қызып жатыр. Тауарлардың бағасы да базардағыдан әлдеқайда төмен»,– деді.

Жәрмеңкеде бетперде тағу, антисептик қолдану сияқты санитарлық-гигиеналық талаптар ерекше сақталды. Базар аумағында ара-қашықтықты ұстану үшін сызықтар сызылып, адамдардың топтасуына жол берілген жоқ. Базаршылар бір бағыттан кіріп, екінші бағыттан шықты.

Сенбілік жәрмеңкені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастаған топ аралап көріп, сөреге қойылған өнімдер мен бағасына, сауда мәдениетіне көз жүгіртті. «Әр сенбі сайын еліміздің әр аймағынан келген диқандар өздерінің өсіріп, өндірген өнімдерін қала тұрғындарына саудалайтын болады. Бұл екі жаққа да тиімді. Сондықтан, мұндай шара алдағы уақытта да жалғасады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып жүрген облыстардағы әріптестеріме алғысымды білдіремін», – деді Алтай Сейдірұлы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен жәрмеңкеге Алматы және Түркістан облыстарының фермерлері қатысты. Екі аймақтан барған шаруалар барлығы 800 тоннадан аса ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. Жетісу жерінің он жеті ауданы мен үш қаласынан барғандар да өз әкелгендерін ешбір делдалсыз саудалап қайтты. Бағаны тұрақтандыруға атсалысып жүрген «Жетісу» әлеуметтік корпорациясы да бұдан қалыс қалған жоқ.

– Өткен күзде қалада жәрмеңкелер өткізіліп, оған Қазақстанның барлық облысы қатысты. Бұл жерге әр демалыс сайын келуге тырысамын. Өйткені, елдің әр аймағынан шыққан өнімдер әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бағасы да төмен, таңдау да жоғары. Ет, сүттен бастап өрік-мейіз, тәттілерге дейін бар. Іздегеніңнің бәрін табасың. Балғын өнімдердің дәмі де тіл үйіреді. Елге пайдасы бар шара жалғасса деймін, – дейді өз ойымен бөліскен қала тұрғыны Нәзира Сұлтанқызы.

Жергілікті жұртшылықтың көңілінен шығып, мерейлерін тасытқан игілікті істе өнім түрі мол болып, көпшілікті тамсандырды. Жетісулық диқандардың қолынан шыққан алма, алмұрт, жүзімдер де көздің жауын алып, жұртты өзіне қаратты. Дәмі тіл үйірер қауын-қарбыз алушылар да көп болды. Қапшағайдың пиязына, Райымбек ауданынан әкелінген мал еті мен Еңбекшіқазақ ауданынан апарылған сиыр сүтіне кезекке тұрғандар да кешке дейін толастамады. Жетісу жерінің қызыл картобын алушылар да аз болған жоқ. Бал мен балық сатып алғандар да өз ризашылықтарын білдірді. Ұн мен күріш, қантты қап-қабымен сатып алғысы келетіндер де кезекке тұрды. Қой, сиыр, жылқы еттері де сауда сөрелеріне лықа толып, өз алушыларын тапты. Қазы-қарта, жал-жаяға да сұраныс жоғары болды. Талдықорған мен қала маңындағы аудандардағы қайта өңдеу кәсіпорындары шұжық пен сүт өнімдерін және ас атасы – нанның небір дәмдісін ұсынды. Таң бозынан басталған күзгі жәрмеңкеге келушілер түс ауғанша толастамады. Артынып-тартынған елордалықтар керек-жарағын осы жәрмеңке арқылы түгендеп алуға тырысты.

Алыстан жеткен жетісулық диқандар базарлы күннің шырайын келтіріп, елордалықтардың көңіл-күйін серпілтті. Сатушылар да бар ынта-ықыласымен сапалы қызмет көрсетуге тырысты.

Алматы облысының жоғары деңгейде дайындалып келгендеріне көз жеткізген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары өз ризашылықтарын білдірді. Осылайша, күзгі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің есінде қалатындай өтті.

Жалпы, жетісулық диқандар елордалықтарды азық-түліктің 50-ге жуық түрімен қамтамасыз етті. Жәрмеңкеге барлығы 160 миллион теңгеге 400 тоннаға жуық өнім апарылып, саудаланды. Келесі сенбілік жәрмеңкені Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары жалғастырып, олар да өздерінің өсіріп, өндіргендерін астаналықтарға ұсынатын болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Нұр-Сұлтан қаласы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.