Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАНДАРҒА ТЕХНИКА СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

03.06.2021
ЭКОНОМИКА
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАНДАРҒА ТЕХНИКА СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында 2020-2021 жылғы жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, үздік аудан-қала әкімдіктеріне бірқатар коммуналдық техника сыйға тартылды. Сондай-ақ, жылыту маусымына қатысты алты елді мекен тұрғындарынан температура төмен болғандығы жөнінде шағым түскен. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен онлайн режимде әкімдік отырысы өтіп, онда 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жаңа жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Алдымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, өткен жылыту маусымына дайындыққа және оны өткізуге бюджеттен 15,4 млрд.теңге бөлінген. Жылыту маусымының сапалы жүргізілуі үшін 35 қазандықтың негізгі және қосалқы жабдықтары, 64,3 шақырым жылу желілері, 13,7 мың шақырым электр желілері және әртүрлі кернеудегі 3016 трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделген. Бүгінгі күні облыс бойынша жылумен қамтамасыз етуді 35 орталықтандырылған қазандық жүзеге асырса, соның 16-сы – көмірмен, газбен, 3-еуі мазутпен жұмыс істейді.

2020 жылы жылумен қамтудың 16 жобасы іске асырылып, оған 7 млрд.теңге бөлінген. Соның ішінде, 3,7 млрд.теңгесі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы қаралған. Б.Тәнекенов өз сөзінде қазандықтарды газға ауыстыру, блокты-модульді қазандықтар орнату істерінің жүйелі жүріп жатқанын да айтты. Сонымен қатар, кейбір технологиялық заң бұзушылықтар, халықты электр энергиясымен, сумен және орталық жылумен үздіксіз қамтамасыз етудегі бірқатар проблемаларға да тоқталды.

Мәселен, өткен жылыту мусымы кезеңінде Алакөл, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларының тұрғындарынан пәтерлердегі температураның төмендігіне қатысты шағымдар түсірген. «Сондықтан, кемшіліктерді болдырмас үшін аудан, қала әкімдіктері жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтіп, сапалы және уақтылы дайындық жүргізуі керек. Коммуналдық кәсіпорындар мен бюджеттік секторға қажетті отын мөлшері алдын ала дайындалуы тиіс. Конкурстық рәсімдерді аяқтап, жазғы уақытта тасымалдауды қамтамасыз ету керек. Денсаулық сақтау объектілерін қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз ету қажет. Коммуналдық және иесіз электр жүйелеріне шұғыл түрде құқық белгілейтін құжаттарды дайындап, оларды энергия беруші ұйымдардың балансына өткізу қажет», — деді Б.Тәнекенов.

Сол сияқты алдағы 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шаралы жайлы да баяндады. Мәселен, 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына бюджеттен 13,7 млрд.теңге қарастырылған. Ал жылумен жабдықтаудың 4 жобасын іске асыруға 3,26 млрд.теңге бөлінген. Бюджеттік ұйымдар үшін 25,1 мың тонна көмір, 4,6 мың тонна пеллет және 25,9 млн. литр дизель отыны сатып алынады. Жылыту маусымы басталғанға дейін Талдықорған қаласының 2 қазандығын газ жүйесіне ауыстыру жоспарлануда, оған облыстық бюджеттен 2,6 млрд.теңге бөлінді.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күнге облыста табиғи газға 1,2 млн. адам қол жеткізе алады. Биылғы жылы бюджет есебінен 19 елді мекенге газдандыру жоспарланып, оған 6,4 млрд. теңге бөлінген.

Негізгі хабарламадан кейін аудан, қалалардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Бегманов, Текелі қаласы әкімінің орынбасары Елдос Мырзабек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров сөз алып, мән-жайды баяндады.  

Әкімдік отырысының соңында өткен жылғы жылыту маусымының қорытындысы шығарылып, үздіктерге сый-сияпат көрсетілді. Атап айтқанда, Кеген ауданына облыс әкімінің 1-ші дәрежелі дипломы мен жүк тиегіш техника, Талғар ауданына ІІ дәрежелі диплом және қоқыш шығаратын көлік, ал үшінші орынға ие болған өңірлер ретінде Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары аталып, оларға да арнайы диплом мен тракторлар берілгені айтылды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов:

— Өткен жылдың жылыту маусымы уақытында қабылданған шаралардың арқасында штаттық режимде өтті. Енді алда келесі жылыту кезеңіне дайындықты жеделдету міндеті тұр. Әсіресе, бюджеттік сала нысандарына дизель отынының дер кезінде толық көлемде жеткізілуі басты назарда болуы керек. Жылыту маусымы басталғанға дейін бюджеттік сала нысандарында қазандықтарды газға ауыстыру, жаңғырту және шығару жұмыстары да аяқталуы тиіс. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарының әкімдері, күзге дейін 36 блокты-модульді қазандықты орнатып, мүлік иелерінің бірлестігін құрыңыздар. Барлық аудан, қалаларда көп пәтерлі тұрғын үйлердің ішкі жылу желілерінің дайындығын қамтамасыз етіңіздер. Жаңа жылыту маусымын үздіксіз өткізу дайындық жұмыстарының уақытылы, сапалы жүргізілуіне тікелей байланысты екенін ұмытпаңыздар, — деді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.