Газетіміздің 27 шілде, №87-санында жарық көрген «Кәусарға» көмек керек» атты мақалада Ақсу ауданының Матай ауылындағы «Кәусар» балабақша-сының мүшкіл халі жазылған еді. Бұл жағдайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан ауыл тұрғындарымен кездесуге келгенде көмек сұрай айтқан болатын. Депутаттар-мен ере барған журналистер қауымы бұл жағдайды жанымызға түйіп алдық. Мақсатымыз да елдің кө-кейкесті мәселесін билікке жеткізу. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі».
Ауыл тұрғындары, балабақша тәр биешілері халық қалаулысының алдында балабақша қызметкерлерінің айлық ақы лары мен еңбек демалысына шыққандағы еңбекақыларын ала алмай отырғанын, ба лабақшаға қажетті құрал-жабдықтар, тіп ті төсек жаймалары мен ойыншықтарға қаржы бөлінбейтіндігін айтып, налыған. Сол жерде аудан әкімі Берік Тынышбаев балабақша қызметі жан басына шаққан дағы нормативтік қаржыландыру қағида сы мен әдістемесі бойынша жүргізілетін діктен бөлінетін қаржы қызметкерлердің еңбекақы, коммуналдық төлем, балабақ шаны күтіп ұстауға жетпейтінін айтты. Осыған байланысты газет журналистері мән-жайды анық білу үшін балабақшаға арнайы барған еді. Мұнда олар депутатқа айтылмаған талай сорақылықтың куәсі болды. Су сақтайтын ыдыстың тот басып тесілгендігін, тоңазытқыштардың 10 жылдан аса уақыт істемей тұрғандығын, төсек жаймаларының балабақша ашыл ғаннан бері жаңартылмағанын, электр жарығына қарыздың көбейіп кеткендігіне байланысты жарықтың сөндірілгенін көріп, сын мақала жариялаған. Мұндағы қордаланған мәселенің барлығы бейне жазбаға түсіріліп, суреті, тәрбиешілердің айтқан арыз-шағымы аудиожазбаға жа зылып алынған. Сын мақаладан кейін жауапты мекемелер газет редакциясына кем-кетіктің орнының толтырылып жатқандығы жайлы жауап жолдады. Ба лабақшаның жұмысына тікелей жауапты облыстық білім басқармасы бұл орайда атқары лып жатқан шаралар жайлы толыққанды жауап берді. Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Айдынбек Жексенбаев: «Облыстық білім бас қармасы мен аудан әкімдігінің тапсырмасына сәйкес балабақша қызметіне талдау жүргізіліп, осы уақытқа дейін қызметкерлердің еңбекақы ларына, оның ішінде әлеуметтік төлемдерге, табыс салықтарына жетіспейтін қаржыға артқы айлардан жылжытуға сұраныс берілді. Білім бөлімі тарапынан балабақшаның есепшо тына 8 млн. 428 мың 746 теңге аударылып, 5-ші та мызға де йін кредиторлық қа рыздар толығымен жабылды. Қосымша балабақшаның сұранысына сәйкес жылдың соңына дейін коммуналдық төлемдерді төлеуге 3 млн. 556 мың теңге аударылып берілді. Балабақшаның материалдық-техникалық база сын жаңалау мақсатында (асханалық қажетті тұрмыстық құрал-жабдықтар мен ыдыс аяқтар, төсек жабдықтары, ойыншықтар, көрнекі құралдар, т.с.с) тамыз айының соңына дейін білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Балабақша ғимаратын 2024–2025 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындау мақсатында сұйық отын сақтайтын 70 тонна лық ыдысты талапқа сай жасау, оны қоршау, жылылау, «Чаппи» маркалы жылыту қазанды ғына насос орнату, ғимарат ішіндегі жылыту жүйесін тазалау (опрессовка) жұмыстарына сметалық құжат жасалынып, 6 тамызда мемлекеттік сатып алу порталына 8 млн. 617 мың 300 теңгеге бағалы ұсыныстарға сұраным арқылы хабарландыру жарияланды. Жеңімпаз мердігер анықталған жағдайда жұмыстың смета бойынша талапқа сай жасалынуы бақы лауға алынады. Жалпы балабақша ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаты жасалынып, облыстық білім басқармасына 2025 жылға жөндеу жұмыста рын жүргізу үшін қаржы бөлуге сұраныс берілді. Балабақша қызметі аудандық білім бөлімінің бақы лауына алынған», – деген мәтіндегі жауап жолдапты.
Мақала жарық көрген уақыттан бастап он шақты күннің ішінде балабақшаға қыруар қаржы аударылған. Шешілмеген түйіні қиын мәселелер шешілген. «Кәусарға» көмек беріле бастады. Бір «әттеген-айы», білім жүйесінің басшылары ал дағы уақытта балабақша топтарының қамтылуы толық болмаса, жас ерекшеліктеріне сай топтар біріктіріліп, заңнама талаптарына сай штаттық бірліктер қысқартылатынын айтыпты.
Біздің айтарымыз, сол қысқартуға түскен мамандар жұмыссыз қалмаса екен. Басқа жер лерден болса да жұмыс тауып берілсе.
«Кәусарға» көмек керек» сын мақаласында балабақшадағы санитарлық жағдайларға бай ланысты да мәселе көтерілген. Мұнда су сақ тайтын ыдыстың шірігендігі, соған байланысты ішек сырқаттары туындауы мүмкін екендігі айтылған. Сондай-ақ, терезелерге қауіпсіздік торлары қойылмағандығы, дәретханалардың істемейтіндігі сынға алынған. Бұл орайда облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақы лау департаменті жауап берді. Департаменттің жауапты маманы Қуаныш Бекмұратқызы: «Ақсу ауданының прокуратурасының қаулысына сәйкес басқарма мамандарымен аталған ны санға сәуір айында жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар негізінде лауазымды тұлғаға қысқартылған тәртіпте 424 580 теңге көле мінде айыппұл салынған», – депті. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы алдағы уақытта «Кәусар» және де басқа осындай күй кешіп отырған балабақшалардың жайын ой ластыру мақсатында жиын өтетіндігін айтқан.
Құрметті оқырман, әлеуметтің әлеуетін көтеру биліктің міндеті. Бұл орайда газетте қорғалуы тиіс қоғамның осал топтарына жасалып жатқан жағдай, атқарылуы тиіс, атқарылып жатқан шараларды барынша жариялап отырамыз. Көкейкесті мә селелеріңіз болса, газеттің әлеумет бөліміне жолдауларыңызға болады. Біз бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірміз. Газет те, тілші де көкейкесті мәселеге бей-жай қарамайды.
Гүлжан ТҰРСЫН