Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Ізгілік ізін қалдырды

11.02.2025
ІЗГІЛІК ІЗІ
Ізгілік ізін қалдырды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында жалғызбасты және қарт адамдарға қайырымдылық көрсету акциясы өтті.

Еріктілер аулалар мен көпшілік жүретін жолдарды қардан тазалап, ардагерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысты. Мұнда «Мейірімді-Жетісу» еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы қарттарға көмек көрсету ата-бабамыздан келе жатқан үрдіс екенін айта келіп, еріктілер жастарға үлкен кісілерді құрметтеудің үлгісін көрсететінін жеткізді. Бұл күні жиырма шақты  ерікті   қарт адамдар мен жалғызбасты аналар үйінің ауласын қардан тазалап, көмек көрсетті. Қыста ауланы қардан тазарту жасы келген адамдар үшін өте ауыр.  Осыны ескерген еріктілер үлкен кісілердің аулаларының қарын күреп, кіріп-шығуына  жеңілдік туғызды. Акция барысында еріктілер тек қар тазалап қана қоймай, ата-апалармен әңгімелесіп, қандай көмек керек екенін сұрап, өтініштеріне де қолғабыс етті. Алдағы уақытта тағы келетіндерін айтып, басқа да ұсақ-түйек шаруаларын жасап берді. Қазыналы қарттарымыз жас буынның мейірімділік іс-шарасына ризашылықтарын білдірді. 

«Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы: «Бұл игі іс ардагерлер мен жалғызбасты аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай шаралар қоғамдағы мейірімділікті арттырып, бірлік пен жанашырлықты нығайтады», – деді. Көмек алған тұрғындардың бірі зейнеткер София Гвоздикова: «Ауламды қардан тазалау оңай емес. Бүгін еріктілер келіп, барлығын ретке келтіріп берді. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Қайырымды жандар көп болсын!» , – деп алғысын білдірді. 

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  сенбіліктер мен қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып тұратынын айта кетуіміз керек. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Жанат ҚАЛДЫБАЕВА, 
ЖУ-дің  гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.