Қазгидромет РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ байқалып, оңтүстігінде тұман түседі. Таулы аймақтарда жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысы, солтүстігі және таулы өңірлерінде шығыстан соққан жел 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында көктайғақ қалыптасып, тұман түседі, бұрқасын жүреді. Шығыс және таулы өңірлерде жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с шамасында соғады.
Маңғыстау облысының орталығында түнде қалың қар түсіп, оңтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын байқалады. Көктайғақ орын алады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады, жолдарда көктайғақ байқалады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ орын алады.
Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 24-29 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде солтүстік пен таулы өңірлерде 25 градус қатты аяз басым болады. Алматы мен Қонаев қалаларында жолдарда көктайғақ байқалады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ қалыптасады. Желдің жылдамдығы 15-18 м/с болады.
Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, кей жерде 30 м/с және одан асып соғуы мүмкін. Таулы аудандарда қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Таразда да тұман мен көктайғақ орын алады.
Қызылорда облысының батысы, оңтүстігі және орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ пен бұрқасын жүреді. Жел 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады. Қызылордада да ауа райы осыған ұқсас болады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында түнде қар жауып, бұрқасын қалыптасады. Бірқатар өңірде тұман түседі. Жел 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең қар мен бұрқасын орын алады, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман басады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Петропавлда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман байқалады.
Ақмола облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Солтүстікте жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.





