Бүгін республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, автожолда жүру қауіпті болмақ.
«Қазгидромет» дерегінше, 12 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ пен боран болады.
Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, қар, көктайғақ және төменгі боран байқалады, күндіз жауын-шашын солтүстікте, шығыста және орталықта жалғасады. Жезқазғанда қар мен көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Қарағанды облысында түнде және күндіз жауын-шашын мен көктайғақ байқалады. Қарағандыда жел екпіні 20 м/с.
Ақмола облысында түнде және күндіз қар мен көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Астанада түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста қар мен көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман түседі. Өскеменде жел екпіні 25 м/с.
Абай облысында түнде солтүстік-батыста жауын-шашын мен көктайғақ, күндіз бұл құбылыстар бүкіл өңірде байқалады. Семейде жел екпіні 25 м/с.
Алматы облысында жел екпіні 20 м/с, Қонаевта 18 м/с.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.





