«Қазгидромет» РМК Қазақстан территориясы бойынша 2025 жылғы 17 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы қалыптасады.
Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын жауып, көктайғақ орын алады. Солтүстік-батыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.
Республика аумағында ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман байқалады. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда желдің екпіні күшейеді.





