Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«17 жылдан бері топырақ сазды кешіп жүрміз»: Талдықорғандықтар жолға қатысты наразылық білдірді

3 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
"17 жылдан бері топырақ сазды кешіп жүрміз": Талдықорғандықтар жолға қатысты наразылық білдірді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабының тұрғындары наразылық білдірді. Көшеге шыққан жұрт жылдар бойы жол мәселесін қаузап, әбден шаршағанын айттты. Олар жолдан бөлек, балалар алаңы, қоғамдық көлік, көшені жарықтандыру жайын біржақты етуді сұрайды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Almaty.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланың солтүстік-батысындағы алғашқы үйлер 2008 жылы салынған. Содан бері 30-ға жуық көше пайда болған. Мұнда тұрып жатқан мыңдаған тұрғын инфрақұрылым  мәселелерінен қажығанын айтады. Олар ең алдымен жол салып беруді сұрайды. Өйткені 27 көшеге асфальт төселмеген.

 «17 жылдан бері топырақ сазды кешіп жүрміз. Талдықорғанның жанында отырмыз, шеткі аудан көшелерінде асфальт төселді, тек осы жер қалды. 2024 жылы қала әкімінің қабылдауына бардым. Ол кісі жақын уақытта көше жөнделмейтінін айтқан. «Бюджетте ақша жоқ, салынса да 2-3 жылдан кейін салынады» деген. Тағы 10 жыл жолдың мәселесі шешілмейтін сияқты», – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Ләззат Заитова.

Мұнда қатынайтын қоғамдық көлік шағынауданның сыртына тоқтайды. Шеткі көшелердің тұрғындары аялдамаға жету үшін шамамен 1-2 шақырымдай  жаяу жүруге мәжбүр. Олар елдімекен ішіне автобус аялдамаларын белгілеуді сұрайды. Шағынауданда электр сымдары да талапқа сай тартылмаған.

 «Ақберен көшесінде ескі 7 баған тұр. Ертең темір біреудің басына құласа, мәселе басқадай болады», – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлбаршын Қабылқайырқызы 

Жұрт мұның барлығын айтып, әкімдіктің табалдырығын талай тоздырған. Бірақ нәтиже болмаған. Ал жергілікті билік жол салуға ғана 6,6 млрд теңге кететінін, биыл бюджеттен қаржы бөлінбегенін айтты. 

«Ол жерде 27 көше. Көшелердің бәріне инертті  материалдан  төселіп жол жасалған.  Бірақ қатты жабынды, асфальт төселмеді.  Жобалақы сметалық құжаттама әзірленген, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Бюджетке өтінім берілген, әзірге қаражат бөлінген жоқ. Республикалық, облыстық, жергілікті бюджетке де өтінім берілген.  Бірақ ақша бөлінген жоқ», – деді Талдықорған қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Ниетбаев.

Әкімдіктегілер көшені жарықтандыру да, аялдама салу да жол жөнделген соң ғана қолға алынатынын жеткізді. Бірақ шенеуніктер 30-ға жуық көшеге қашан асфальт жол түсетінін нақты айта алмай отыр. 

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.