2025 жылы Қазақстанға 3 203 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері тарихи Отанына 1 миллион 151 мыңнан астам этникалық қазақ қоныс аударған.
Қандастар қай елдерден көшіп келуде?
2025 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың географиясы мынадай:
-
48,1% – Қытай Халық Республикасынан,
-
39,5% – Өзбекстаннан,
-
5,8% – Түрікменстаннан,
-
2,5% – Моңғолиядан,
-
1,9% – Ресей Федерациясынан,
-
2,2% – өзге елдерден.
Қазіргі қандастың келбеті: жас ерекшелігі мен білімі
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша оралған этникалық қазақтардың:
-
60,7%-ы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар,
-
31,1%-ы – кәмелетке толмағандар,
-
8,2%-ы – зейнеткерлер.
Ал олардың білім деңгейі бойынша:
-
17,9% – жоғары білімді,
-
27,8% – арнаулы орта білімді,
-
52,9% – жалпы орта білімді,
-
1,4% – білімі жоқ азаматтар.
Қандастарға қажеттілік жоғары өңірлер
Қандастар еліміздің түрлі аймақтарына қоныстанып жатыр. Алайда Үкімет еңбек ресурстары тапшы өңірлерге басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, қандастарды орналастыру үшін келесі облыстар анықталған:
-
Ақмола облысы
-
Абай облысы
-
Қостанай облысы
-
Павлодар облысы
-
Атырау облысы
-
Батыс Қазақстан облысы
-
Шығыс Қазақстан облысы
-
Солтүстік Қазақстан облысы
2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды.
Қандастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары
Жоғарыда аталған өңірлерге қоныстанған этникалық қазақтарға келесі мемлекеттік қолдау қарастырылған:
-
Көшуге арналған бір реттік төлем – отбасы басшысына және әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (2025 жылғы есеп бойынша – 275 200 теңге);
-
Тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге төлем – 1 жыл бойы ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (яғни, 59 мыңнан 118 мың теңгеге дейін) субсидия беріледі.
Дереккөз: gov.kz
Фото: digitalbusiness.kz





