Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

22 сәуірге арналған ауа райы: +30°С дейін жылу, кей жерде жаңбыр мен найзағай

22.04.2025
КҮНДЕРЕК
22 сәуірге арналған ауа райы: +30°С дейін жылу, кей жерде жаңбыр мен найзағай

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 2025 жылғы 22 сәуір, сейсенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің кей өңірлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, үсік жүруі де ықтимал, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Астана қаласы

Астанада күн бұлтты болады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан басталып, батыс бағытқа ауысады: түнде 5–10 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +21…+23°С.

Алматы қаласы

Алматыда күн бұлтты, кешке қарай өткінші жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз 15 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

Шымкент қаласы

Күн бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с, найзағай кезінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Температура түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С.


Облыстар бойынша қысқаша ауа райы болжамы:

  • Ақмола облысы – облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр жауады. Температура күндіз +23…+25°С.

  • Алматы облысы – таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай болады. Кей жерлерде топырақ бетінде үсік күтіледі (–1°С). Конаевта жауын-шашынсыз.

  • Жетісу облысы – жауын-шашынсыз. Талдықорғанда күн ашық, температура күндіз +21…+23°С.

  • Түркістан облысы – таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Түркістан қаласында ауа райы ашық, температура +26…+28°С.

  • Батыс Қазақстан облысы – жаңбыр, найзағай. Оралда күндіз +25…+27°С.

  • Атырау облысы – кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Атырауда күндіз +25…+27°С.

  • Маңғыстау облысы – орталық және батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай болуы мүмкін. Ақтауда – жаңбыр, температура +23…+25°С.

  • Ақтөбе облысы – жауын-шашынсыз. Ақтөбеде күн ашық, +24…+26°С.

  • Қостанай облысы – түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, кей жерде тұман. Күндіз +24…+29°С.

  • Солтүстік Қазақстан облысы – жаңбыр, найзағай. Петропавлда күндіз +21…+23°С.

  • Павлодар облысы – жауын-шашын, найзағай. Түнде +0…+2°С, күндіз +16…+18°С.

  • Қарағанды облысы – жаңбыр, найзағай. Қарағандыда күндіз +20…+22°С.

  • Ұлытау облысы – жауын-шашынсыз. Жезқазғанда күн ашық, +23…+25°С.

  • Шығыс Қазақстан облысы – түнде жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жауын жаууы мүмкін. Өскеменде күндіз +16…+18°С.

  • Абай облысы – жаңбыр, найзағай. Семейде ауа райы ашық, +18…+20°С.

  • Қызылорда облысы – жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +28…+30°С.

  • Жамбыл облысы – таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Таразда күндіз +20…+22°С.

Фото:depositphotos.com 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.