Облыста жабайы жануарлардың жекелеген түрлерін аулау маусымы басталды және жалғасуда. Маусым кезең-кезеңімен ашылып, 31 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Полиция қызметкерлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Аң аулау қағидалары бойынша талаптардың орындалуын бақылау мақсатында өңірде полиция және табиғат қорғау ведомстволарының қызметкерлерінен тұратын арнайы топ жұмысын бастайды.
Автожолдарда браконьерлік фактілерін, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын және лицензиялық-рұқсат беру жүйесін (қаруды), басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша көлік құралдарын ішінара тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарынан тәртіп сақшыларының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше жыл басынан бері облыста 513 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. 26 қылмыстық іс қозғалып, 487 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.





