Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

17.05.2025
КҮНДЕРЕК

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Кербұлақтықтар ауыра қалған жағдайда емделетін емхана іздеп сабылып кетпеуі керек. Дер кезінде ауруханаға барғандары абзал. Осыны ойлаған басшылар тұрғындардың өзекті мәселесін шешу мақсатында аудан, ауылдарда амбулатория салу жұмысын қолға алған болатын. Биыл аудан халқы үшін 16 медициналық нысан салынып жатыр. Солардың бірі – Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Қарағаш ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Келесі айда ел игілігіне берілуі тиіс мекеменің құрылысы мүлде баяу. Ол жерде небары 6 адам ғана еңбек етуде. Жұмыс күшінің аздығынан істің өнбей жатқаны анық байқалады. Мердігер медициналық құрылғыларға тапсырыс та бермеген. Соған орай «Тунай строй проджект» ЖШС басшысы облыс әкімінің бірінші орынбасарынан ескерту алды. Әлібек Жақанбаев жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үстінен тексеріс жүргізуге тапсырма беріп, құрылыстың сапасына мұқият назар аудару керектігін баса айтты.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қарашоқы ауылына да барған облыс әкімінің бірінші орынбасары салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пунктті толықтай аралап шықты. Мұндағы жұмыстар да көңіл көншітпейді. Жоспардан да, межелі уақыттан да кешігіп жатыр. Әлібек Әскербекұлы: «Халыққа алғашқы медициналық қызмет көрсету мекемелерінің құрылысы сапалы әрі жылдам салынуы керек», – деп жауаптыларға бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

Іссапар әрмен қарай Сарыбастау ауылында жалғасты. Билік өкілі 2 ай бұрын қолданысқа берілген ФАП-пен танысты. Мұнда 4 медицина маманы қызмет етеді. 11 кабинет қарастырылған. Жалпы бұл ауылда 720 тұрғын бар.

– Ғимараттың іші жылы, халыққа қызмет көрсетуге бар жағдай жасалған. Интернет те, компьютер де жақсы жұмыс істеп тұр. Мекеменің іші-сырты толығымен камерамен бақыланады, – дейді Сарыбастау ауылының фельдшері Жазира Балтабаева.

Сапар аясында Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекке ат басын бұрған жұмыс тобы ондағы құрылыс нысандарының жай-күйіне назар аударды. Орталықта 4 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Оның біреуі жақын арада қолданысқа берілмек. Бұл 60 пәтерлі тұрғын үйдің келбеті заманға сай, ішкі көрінісі де қаладағы үйлерден кем емес, керме төбелер, еденіне ламинат төселген. 1-ші маусымда тұрғындарға баспана кілттері табысталмақ. Ал қалған үшеуінің құрылысы қарқынды. Негізі қаланып, қабырғалары көтерілуде. Жауаптылардың мәліметінше, аталған ғимараттарды жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарланған. Бірінші орынбасардың жұмыс барысына көңілі толды. Жауапты мердігер – «Реал-строй» ЖШС.

– Көппәтерлі үй 1, 2 және 3 бөлмелі. 40, 60, 80 шаршы- метр. Жалпы, сомасы 1,5 млрд. қаражат кетті. Бұл үй апатты үйлердің тұрғындарына арналып салынған. Сол жақта тұрған отбасылар осында көшірілетін болады, – дейді «Реал-Строй» ЖШС директоры Қайнар Бақытбеков.

Қазіргі уақытта Кербұлақ ауданында 28 тұрғын үй апатты деп танылған. Яғни, 96 шаңырақ тозығы жеткен баспанада өмір сүруге мәжбүр. Әкімдіктегілер биыл бұл мәселе түбегейлі шешілетінін айтады. Әлібек Әскербекұлы, ең бастысы, халықтың әлеуметтік ахуалы екенін тағы да бір қаперге салды.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

– Апатты үйлер Ақсуда, Текеліде, Талдықорғанда, Кербұлақта болған. Қазіргі таңда Текелідегі апатты үйлер жабылды. Талдықорғанға қаражат бөлінді. Ақсуға қаражат бөлініп, жасалып жатыр. Кербұлақ ауданында да апатты үйлер болған. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен апатты үйлер қолға алынып, халыққа жағдай жасалып жатыр, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.

Бүгінде аймақтағы шалғай ауылдарда да жеке тұрғын үйлер салу бастамасы іске асуда. Қазір ауылды жерлерде 150-ге жуық баспана салынуда.

– Тұжырымдама аясында ауданға 1 млрд. 192 млн. теңге бөлінген. Ол қаражат 55 үйді тұрғызуға жетеді. 144 үйге бюджетке өтінім беріп қойдық. Қазір 144 үйдің құрылысы басталды. 77 шаршыметр тұратын үйлер 3 бөлмеге бөлінген, – дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бақыткелді Қабидолда.

Тұрғын үй құрылысы жоспарға сәйкес аяқталса, биыл аудандағы 375 отбасы қоныс тойын тойлайды. Жалпы, құрылыс сапасы мен мерзімі ұдайы бақылауда.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев аудандағы ауызсу мәселесі қалай шешіліп жатқанын өз көзімен көрді. Құбыр тартып жатқан «Сапа Құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесіп, құрылыс қарқынын сұрады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Хасенов жоба құны 4,5 млрд. болатынын, қазір 31 шақырым құбырды ауыстырғанын, толық құбыр тартып біту үшін әлі 3,5 млрд. теңге ақша жетпейтінін баяндады. Сондай-ақ, жұмыс жағынан ешқандай ескерту жоғын атап өтті.

Облыс әкімінің бірініш орынбасары Қызылжар, Шанханай, Қоянкөз, Көксай, Байғазы, Қарымсақ, Алтынемел ауылдарына да барды. Ондағы құрылыс нысандарымен танысып, жауаптыларға тапсырма берді.

Медет ЖҰМАБАЙ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.