Талдықорған: +14°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының үшжылдық бюджеті бекітілді

13.12.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының үшжылдық бюджеті бекітілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық мәслихаттың кезекті XXXIII сессиясы өтіп, өңірдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары кеңінен талқыланды. Сессия жұмысына облыс басшылығы, мәслихат депутаттары, басқарма жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне облыстың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту, 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау, сондай-ақ, ауызсу тарифтерін бекітуге қатысты бірқатар маңызды мәселе енгізілді. Жиынды облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева басқарып, облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов баяндама жасады.

Жиында облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева қабылданатын құжаттардың өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

– Бекітіліп отырған бюджет жай ғана қаржы жоспары емес. Бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, халықты қолдауға, өңірді орнықты дамытуға арналған нақты бағдар. Мәслихат депутаттары әрбір бағытты мұқият қарап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып шешім қабылдайды, – деді мәслихат төрағасы.

Сессияда ұсынылған облыстық бюджет жобасы ең алдымен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталған. Алдағы 3 жылға арналған облыс бюджетінің жалпы көлемі 1,6 трлн. теңгені құрайды. Оның ішінде 2026 жылға арналған бюджет 542 млрд. теңге болып бекітіліп отыр. Бұл қаржының 75 пайызы немесе 409 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен түсетін қаражат.

Жалпы бюджет құрылымында республикалық қаржы үлесі 77 пайызды құрайды. Шығыстардың 382 млрд. теңгесі субвенцияларға бағытталса, 15,1 млрд. теңге нысаналы даму трансферттері, ал 12 млрд. теңге бюджеттік кредиттер ретінде көзделген.

Бюджет өзінің әлеуметтік бағытын сақтап, әлеуметтік салаға 316 млрд. теңге немесе жалпы шығыстың 58 пайызы бөлінген. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды жөндеуге 6,1 млрд. теңге қарастырылып отыр. 2026 жылы әлеуметтік салаға жататын 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізу және 52 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, тұрғындарды сапалы ауызсумен және тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылмақ. 8 елді мекенде ауызсу жүйесін дамыту көзделген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын ауданында қуаты 49 Гкал болатын қазандықтың құрылысын аяқтау және «Береке» коттедж қалашығында қуаты 17,2 Гкал болатын қазандықтың құрылысын жалғастыру үшін 12,5 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда.

– Арнайы атап өтілгендей, елеулі қаражат әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй сатып алуға бағытталатын болады, бұл өңірде әлеуметтік қолдаудың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Әсет Серікұлы.

Сессия барысында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік алаяқтықпен күрес те сөз болды. Осы бағытта пікір білдірген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев бақылау мен цифрландыру шаралары күшейтілетінін атап өтті.

– Соңғы жылдары әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу, жалған мәлімет ұсыну фактілері тіркеліп отыр. Осыған байланысты біз ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, деректер базасын толық интеграциялау, тәуекелдерді ерте анықтау механизмдерін енгізіп жатырмыз. Бұл – адал тұтынушылардың құқығын қорғау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін қажет, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, алдағы кезеңде әлеуметтік қолдау шаралары нақты мұқтаж азаматтарға ғана бағытталып, бақылау ашық әрі әділ жүргізіледі.

Коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында «Алакөл – Тазалық» және «Балқаш – Тазалық» атты екі жаңа коммуналдық кәсіпорын құрылды. Олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 52 бірлік арнайы техника сатып алуға, сондай-ақ, Балқаш көліндегі туристік-рекреациялық аймақта инженерлік желілер салуға 1,6 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстары жалғасып, Балқаш көлінде үш коммуналдық жағажай салу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы субъектілерінің шығындарын субсидиялауға 27,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл шара агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына серпін бермек.

Облыстық және жергілікті маңызы бар жол инфрақұрылымын дамытуға 48,5 млрд. теңге бағытталады. Бұл қаражат Үштөбе қаласына апаратын жолды, Сарқан – Тополевка бағытындағы жолды, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолды және облыстық маңызы бар 8 көпірді қайта жаңғыртуға жұмсалмақ. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 147 шақырым автомобиль жолы жөнделеді.

Депутаттар тарапынан да білім беру нысандарының құрылысы, ауызсу мәселесі, туризмді өркендетуге қатысты сұрақтар түсті. Оған облыс әкімінің орынбасары нақты жауап берді. Әсет Серікұлы қорытынды сөзінде келесі жылдың бюджеті облыстың негізгі даму бағыттары бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ, облыс әкімінің тұрғындармен кездесу және жеке қабылдауы барысында көтерілген мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Мәслихат депутаттары бюджет жобасын бір-ауыздан қолдап, облыстың 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Сессия барысында қабылданған шешімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған. Алдағы 3 жылға жоспарланған ауқымды жобалар облыстың тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.