Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экология және IT: Жетісу жастары инновациялық жобаларын таныстырды

20 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
Экология және IT: Жетісу жастары инновациялық жобаларын таныстырды
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен «ECO IT: Тазалыққа жол!» атты экологиялық хакатон өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Аталған шара жастардың экологиялық мәселелерге деген саналы көзқарасын нығайтуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті түйткілдерге заманауи, креативті әрі тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңына айналды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, хакатонға өңірдің әртүрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінен 12 команда қатысып, өздерінің инновациялық экологиялық жобаларын әзірлеп, қазылар алқасының назарына ұсынды. Қатысушылар экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын қорғау барысында командалық жұмыс, көшбасшылық, стратегиялық ойлау және жобалық менеджмент дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл іс-шара тек мәселелерді айтып қана қоймай, жастардың оларды цифрлық және технологиялық тұрғыдан шешуге деген талпынысын айқын көрсетті.

Іс-шара бағдарламасы аясында экология, тұрақты даму және қоғамдық белсенділік саласында тәжірибесі мол спикерлер мазмұнды баяндамалар жасады. Олар экологиялық қауіпсіздік, тазалық мәдениеті, жауапты тұтыну және қоғамның экологиялық ой-санасын көтеру мәселелері бойынша өзара ой бөлісті. Шара барысында «Алтын Адам креатив орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Динара Бакирова, Қазақстан студенттер альянсының Жетісу облысы бойынша төрағасы, облыстың студенттік омбудсмені Ақерке Қызайбай және «Jetisu jastary» КММ директорының орынбасары Арнай Байжұрынов сөз сөйлеп, жастардың бастамаларына қолдау білдірді.

Хакатон қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 3 жоба арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда, 1-орынды «ECO Next» командасы қанжығасына байласа, 2-орын «Help Hand» командасына, ал 3-орын «Taza Code» командасына бұйырды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, олардың экологиялық бастамаларға қосқан үлесі жоғары бағаланды. «ECO IT: Тазалыққа жол!» хакатоны жастардың таза орта қалыптастыру жолында белсенді әрекет етуіне жол ашқан маңызды қоғамдық платформа болды.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.