Талдықорған: +35°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Адал азамат» – ұлт болашағына салынған инвестиция

26.08.2025
КҮНДЕРЕК
«Адал азамат» – ұлт болашағына салынған инвестиция
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Ардагерлер үйінде «Ел келешегі – тәрбиелі, білімді, ұлтжанды жастардың қолында» атты «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, білім саласының ардагер ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жас ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын қоғам белсенділері қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек» деген сөзі жиынның басты арқауына айналды. Шын мәнінде, білімнің мазмұны мен тәрбиенің бағыты бір арнада тоғысқанда ғана біз саналы да салиқалы тұлға қалыптастыра аламыз.
Кездесуді жүргізген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Райхан Серғазинова «Адал азамат» бағдарламасының мән-мағынасын түсіндіріп, оның жастар бойына адалдық пен ізгілікті сіңіруге, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас буын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

– Ұрпаққа тек білім беру жеткіліксіз. Бастысы – олардың ойына парасат, бойына ізгілік дарыту. Бұл жолда ең үлкен жауапкершілік ұстаздар мен ардагерлерге, қариялар мен әжелерге жүктеледі, – деді ол.

Ал бағдарламаның мақсат-міндеттерін ардагер ұстаз, кәсіподақ ұйымының мүшесі Болат Тұрысбеков таныстырды.

– Адалдық – қай заманда да адамзаттың ең асыл қасиеті. «Адал азамат» – жай ғана тәрбие жоспары емес, бұл – ұлт болашағына салынған инвестиция. Егер біз бұл бағдарламаны шынайы ниетпен әрі жүйелі түрде жүзеге асыра алсақ, еліміздің ертеңі сенімді қолда болмақ. Адал азамат – мықты мемлекеттің тірегі. Сондықтан бәріміз ел болашағы үшін адал да парасатты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуымыз қажет, – деді ол.

Облыстық ардагерлер кеңесінің тәлімгері Жамал Дәркембаева да жастарды елдің тірегі деп атап, жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызын айқындап берді.

«Дөңгелек үстелде» жастарға дұрыс бағыт беруге кедергі келтіріп отырған өткір мәселелер де көтерілді. Әсіресе қоғамды жайлаған бес түрлі кеселдің ішінде нашақорлық пен құмар ойынға тәуелділік аса қатерлі құбылыс екені баса айтылды.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде есірткіге әуестенгендер саны жылдан-жылға артып отыр. Оның ішінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер де бар. Ал құмар ойынға тәуелді жастардың қылмысқа бару деңгейі өсіп барады. Бұл – қоғамды алаңдататын үлкен қауіп.
Жетісу облыстық прокуратурасына қарасты қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ақжол Саматұлы:
– Заң мен тәртіп – қоғамдағы басты талап. Жастарды теріс жолға итермелейтін ойынқұмарлық пен есірткіге қарсы күресті күшейтуіміз қажет. Бұл – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті, – деп атап өтті.

Жиын соңында қатысушылардың ұсыныстары облыстық ардагерлер ұйымының жоспарына енгізілді. Бір анығы – елдің болашағы жас буынның қолында. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, адал да парасатты, ұлтжанды азамат тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның ең басты міндеті болып қала бермек.

Сәрби Әйтенова

Қатысты жаңалықтар

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026
Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.