Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адал еңбегімен ел құрметіне бөленген диқандар марапатталды

18.11.2025
КҮНДЕРЕК
Адал еңбегімен ел құрметіне бөленген диқандар марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Адал еңбек етіп, елге таза әрі сапалы өнім ұсынып жүрген адал азаматтардың еңбегі өлшеусіз. Сондықтан жыл сайын ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні елімізде, облыста ескерусіз қалмайды. Ел диқандары мен шаруалары атаулы мерекеге биыл да зор табыспен жетіп отыр. Еңбек ерлерін облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы қабылдап, мерекемен құттықтады.

Ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің басты кепілі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мемлекеттің ғана емес, фермерлердің алдындағы маңызды міндет. Осы міндетті мінсіз атқарған облыс шаруаларының мерейі артқан күнде аймақ басшысы:

– Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Биыл екінші жыл қатарынан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Агрофорумы өткізілді. Бұл осы салаға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді. Мемлекет басшысы фермерлерді қолдау, су үнемдеу технологияларын енгізу, заңсыз алынған және игерілмей бос жатқан жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, терең өңделген өнім өндіріп, оны халықаралық нарыққа шығару және басқа да бағыттарды дамыту туралы кеңінен айтты. Біз облыста осы бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп келеміз. Агросубъектілерді қолдауға мемлекет тарапынан биыл 64 млрд. теңге қарастырылған. Осындай қолдаудың нәтижесінде облыста ауыл шаруашылық өнімдерінің шикізатын қайта өңдеу үлесі 68%-ға жетті. Ақсу қант зауыты күрделі жөндеуден өтіп, былтыр толық қуатымен өнім қабылдады. Ал Көксу қант зауытының қуаттылығы 2026 жылы 250 мың тоннадан 500 мың тоннаға жеткізіледі, – деді.

Облыс басшысының айтуынша, 2022-2025 жылдары 1,3 млн. гектар жер пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Оның 712 мың гектары қайта айналымға тартылып, 600 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Мал басы 2,7 миллионға жетіп, соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 4,2%-ға ұлғайды. Өңірде 50 ветеринариялық нысан салынып, ветеринар мамандар жүйелі жұмыс жүргізуде. Биыл 17 блокты-модульді ветеринариялық пункт орнатылады деген жоспар да бар. Бұл аграрлық саланы дамыту, шаруаларды қолдау мақсатында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

– Астана қаласында өткен Агрофорумда елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатовқа «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы, Алакөл ауданы Архарлы ауылының жылқышысы Жасқайрат Қамизановқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені берілді. Жетісулық екі азамат мемлекеттік марапатты Президент қолынан алды. Бұл ерекше құрмет – қажырлы еңбектің жемісі. Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Президент Жарлығымен берілген наградаларға ақ адал еңбекпен, маңдай термен қол жеткізген шаруаларға марапатты облыс әкімі Бейбіт Исабаев өзі тапсырды. ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Нұрқадам» шаруа қожалығының трактор жүргізушісі Жалғас Бегімбетов, «Құндақбаев» шаруа қожалығының малшысы Талғат Құндақбаев марапатталды. Ал ЖШС «СЗЦ Алмалы» шаруа қожалығының жұмысшысы Ерлан Блескелдинов пен «Душкин СН» шаруа қожалығының басшысы Сергей Душкин кеуделеріне жарқыратып Құрмет орденін тақты. «Ерен еңбегі үшін» медаліне «Мырзахан» шаруа қожалығының жұмысшысы Асқар Өмірбеков, зейнеткер, еңбек ардагері Өмірсерік Мырзахметов және «Опытное» АШӨК-нің механигі Ли Родион ие болды.

Мерейі тасыған шаруалар атынан Асқар Өмірбеков Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс айтып, ауыл шаруашылық саласының дамуына бір кісідей атсалысатындықтарын жеткізді. Ал «Душкин СН» шаруа қожалығының басшысы Сергей Душкин көрсетілген құрмет пен қошеметке ризашылығын жеткізіп, ауылшаруашылық саласына жастарды тарту мәселесін көтерді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суреттерді түсірген Александр СКЛАБОВСКИЙ

 

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.