Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне бекіткен болатын.
Акорда таратқан ақпаратқа сәйкес, «ҚР Президентінің Жарлығымен Балаева Аида Ғалымқызы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
1999-2004 жылдары Алматы облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет етті.
2004 жылы Алматы қалалық Ақпарат басқармасындағы талдау және болжау бөлімін басқарды.
2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.
2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
2014 жылы ол ҚР Президенті Әкімшілігіне жұмысқа ауысып, Ішкі саясат бөлімін басқарды.
2019 жылы Президенттің көмекшісі – өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылы Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2022 жылы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне көтерілді.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда қайтадан осы лауазымға бекітілді.
Енді бүгінгі Жарлыққа сәйкес, Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне кірісті.





