Талдықорған: +29°C
$ 462.30
€ 538.07
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әйел курьерлерге қолдау көрсетуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады

28.08.2026
КҮНДЕРЕК
Әйел курьерлерге қолдау көрсетуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады

vera.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда әйел курьерлерге әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған жаңа пилоттық жоба бастау алды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі қоғамда адамдардың табыс табу тәсілі түбегейлі өгеріп келеді. Соның бірі – цифрлық платформалар арқылы қызмет көрсету. Бүгінде көшеде курьерлік қызмет атқарып жүрген нәзік жандыларды жиі кезіктіреміз. Әсіресе кәсіби қызметі мен отбасылық міндеттерін қатар атқарып жүрген аналар үшін бұл икемді табыс көзі саналады. Мемлекет пен бизнес өкілдері осындай еңбек иелерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтуді қолға алды.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Yandex Qazaqstan компаниялар тобы және «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қоры үшжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжатқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, «Yandex Qazaqstan» компаниялар тобының басшысы Тимур Шалекенов және «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Толқын Саметова өз қолдарын қойды.

Жаңа бастаманың басты мақсаты – қиын немесе дағдарысты жағдайға тап болған әйел курьерлерге нақты көмек көрсету. Құжат аясында тараптар өздерінің мүмкіндіктері мен жинақтаған тәжірибесін біріктіруді ұйғарды. Бірлескен жұмыс бірнеше негізгі бағытты қамтиды:

  • Құқықтық және қаржылық сауаттылық: Әйелдердің құқықтық әрі қаржылық сауатын арттыру, мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру.

  • Арнайы қызметтерге қол жеткізу: Қажетті әлеуметтік, білім беру және ақпараттық бағдарламаларға қатысуына жағдай жасау.

  • Кешенді көмек: Тығырыққа тірелген жандарға психологиялық, құқықтық, гуманитарлық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу.

Көмектің нақты көлемі әр азаматшаның өмірлік жағдайына, отбасының қажеттілігіне сай жеке белгіленеді. Еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, заң аясында еңбек етіп жүрген әрбір адамға түсінікті әрі қолжетімді қолдау тетіктерін қалыптастыру маңызды:

«Бүгінде еңбек саласы жаңа өзгерістер кезеңін бастан өткеріп отыр. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қандай қызмет түрімен айналысатынына қарамастан, заң аясында жұмыс істеп немесе табыс тауып жүрген әр адамға түсінікті әрі қолжетімді қолдау тетіктерін қалыптастыру. Әңгіме кәсіби қызметі мен отбасылық міндеттерін қатар атқарып жүрген әйел курьерлерге қажетті жағдай жасау және оларды қолдау туралы болып отыр», – деді Асқарбек Ертаев.

Yandex Qazaqstan компаниялар тобының басшысы Тимур Шалекенов цифрлық платформалар арқылы қызмет көрсететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру компанияның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті:

«Цифрлық сервистер мен икемді жұмыс форматы азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Алайда қиын жағдайға тап болған кезде қажетті әлеуметтік қолдаудың дер кезінде көрсетілуі де айрықша мәнге ие. Осы жоба аясында Еңбек министрлігі мен «Іскер» қорымен бірлесіп, әйел курьерлердің қажетті ақпарат пен нақты көмекке уақытылы қол жеткізуіне жағдай жасауды көздеп отырмыз», – деді Тимур Шалекенов.

Өз кезегінде «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Толқын Саметова әр адамның жағдайын жеке қарастырудың маңызын тілге тиек етті:

«Әлеуметтік көмек ең алдымен адамның нақты жағдайын түсінуден басталады. Жоба аясында әр қатысушымен жеке жұмыс істеп, оның қажеттілігіне қарай қандай қолдау қажет екенін анықтауды жоспарлап отырмыз. Қордың құқықтық, психологиялық және гуманитарлық көмек көрсету тәжірибесі әйелдер мен олардың отбасыларына нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Жобаға Yandex Go арқылы тапсырыс орындайтын «Тамақ», Lavka және «Жеткізу» сервистерінде кемінде 4-5 апта бойы жұмыс істеген әйелдер қатыса алады. Іріктеу кезінде басымдық балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналарға, мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ ауыр науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын жандарға беріледі. Барлық ақпарат Yandex Pro қосымшасындағы «Әйел курьерлерге көмек» бөлімінде орналастырылған. Мемлекет пен бизнестің мұндай серіктестігі елдегі платформалық жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігін арттыруға оң ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды: Тоқаев Ұлттық қордағы қаражат туралы айтты

28.08.2026
Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды

28.08.2026
Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

Президент Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатурасын қашан тағайындайтынын мәлімдеді

28.08.2026
Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салуды қолдады

28.08.2026
Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясында бірқатар маңызды заңдарды қабылдауды тапсырды

28.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.