«Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы» «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК жастар арасында «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу әдістері, тұрақты тестілеудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы хабардарлығын арттыру болды. Қатысушыларға АИТВ пен ЖИТС—тің айырмашылығы түсіндірілдіжәне қазіргі заманғы емдеудің арқасында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар толыққанды және белсенді өмір сүре алатыны айтылды.
Дөңгелек үстел барысында орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды және вирус тұрмыста берілмейтінін атап өтті. Арнайы назарды алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету мәселелеріне аударылды.
Дөңгелек үстелге ШЖҚ «Қалалық емхана №1»МКК салауатты өмір салты бөлімінің маманы, ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК нарколог дәрігері және үкіметтік емес ұйымныңЖШС «Талдықорған аймақтық еңбеккеорналастыруға жәрдем көрсету қоры» қоғамдыққорының өкілі қатысты. Әрбір қатысушы талқылауғаөз үлесін қосты, кәсіби ұсыныстарымен жәнежастармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Орталық мамандары қазіргі кезде өзгерістердіңбасталып кеткенін атап өтті: жаңа алдын алубағдарламалары енгізілуде, тегін тестілеумүмкіндіктері кеңейтілуде, жастарға кеңес беру жетілдірілуде, ақпараттық науқандар ашық әріқолжетімді болуда.
Іс-шара ашық диалогты дамытуға, хабардарлықдеңгейін арттыруға және жастардың АИТВ инфекциясын алдын алу – әр адамның жауапкершілігі екендігін түсінуіне септігін тигізді.





