Талдықорған: +27°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЕКІКҮНДІК ПРЕСС-ТУР ӨТКІЗІЛДІ

09.07.2021
КҮНДЕРЕК
АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЕКІКҮНДІК ПРЕСС-ТУР ӨТКІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Суы шипалы Алакөлдің шомылу маусымы ашылып, еліміздің барлық өңірінен келген туристер демалыс аймағының көркін кіргізіп жатыр. Осыған орай Алматы облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Jetisy Media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары арнайы пресс-тур ұйымдастырып, шегараның шетінде, желдің өтінде жатқан ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы және Алматы облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиын Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдиновтың брифингімен басталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен ауылшаруашылық, туризм сынды салалардағы табысын таныстырған аудан әкімі журналистер қойған сұрақтарға жауап беріп, көпшіліктің көңілін күпті еткен мәселелерді тарқатып берді.

Оның айтуынша, халықтың игілігі үшін жолдар жасалып, Талдықорған – Өскемен күрежолының Алакөл ауданына қарасты бөлігі жаңадан салынып жатыр. Сонымен қатар, Үшарал – Достық автожолы жаңартылып, жол белдеуін кеңейту, ескі асфальт жамылғысын қыру, айналма жол салу сынды жұмыстар жүргізілуде.

Суы шипа Алакөлге демалу үшін келетін халыққа көл жағасында 264 демалыс орны қызмет көрсетіп, аудан туризмінің қарыштап қарқын алуына септігін тигізуде. Осыдан екі жыл бұрын Алакөлдің әсемдігін көрмекке 1,5 миллионға жуық турист келсе, былтыр пандемиялық ахуалға байланысты айдынды көлде 798 мың турист демалыпты. Ал, биыл 1 миллион адамға құны 5 миллиард 270 миллион теңгенің сауықтыру қызметін көрсету жоспарланып отыр. Осыған орай ауданда экотуризмге баса көңіл бөлініп, Лепсі ауылдық округінде 25 адамға арналған демалыс аймағы іске қосылды. Онда туристер «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қамтитын 6 маршрутпен тұмса табиғатты тамашалай алады.

Аудан әкімінің айтуынша, туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс аймақтары орталықтандырылған ауызсу, кәріз жүйелерімен және жолмен қамтамасыз етілуде. Көл жағалауының 13,5 шақырымына бекіту жұмыстары жүргізіліп, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолға алынуда. Үшарал қаласында ашылған жаңа әуежайда қалааралық байланыс орнатылғанын, баламалы қуат көзі ретінде жел диірмендері салынатынын жеткізген аудан әкімі Алмас Әбдинов айдынды көлдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Осы күні Ақши ауылындағы демалыс орындарының жұмысымен танысқан тілшілер қауымы Гүлмира Сарбасова, Маржан Бахтиярқызы, Нұрбек Бекбау, Әділет Рахметолла, Махаббат Есен, Ержан Сейітғазинов, Нұрлан Келшінбаев сияқты журналистер мен блогерлердің семинарына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жаңаша пайым, жаңа қадамдарымен танысты.

Спикерлердің айтуынша, газет-журналдар мен телерадиолар ең алдымен сараптамалық бағытта жұмыс істеп, тақырыптың түйіні мен мәселенің пайдасын түсіндіру арқылы оқырман мен көрерменнің жүрегіне жол табады.

Қазіргідей ақпараттық тасқын белең алған тұста көптеген мерзімді баспасөз құралдарының оқырманынан айырылып отырғанын тілге тиек еткен спикерлер газет-журналдар нарықтық экономика талаптарына сәйкес бірлесе, қауымдаса қызмет атқаруы керектігін алға тартып, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жазылушыларды қызықтырудың жолдарын қарастырды. Оған интернет сайт пен әлеуметтік желілерде парақшалар ашудың тиімділігі нақты мысал ретінде ұсынылды. Өйткені, қазіргі адамдардың бойында көргенін, естігенін ғана бойына сіңіру үдерісі қалыптасып қалған. Бұл оқу, ой қорыту, түйін жасау, жақсысы мен жаманын айыру сынды қасиеттерді ығыстырып, адам санасын шолақ ойлауға үйретіп жатыр. Осындай нәрселерді дұрыс ұғынғанда ғана халықтың жаппай оқуға деген құштарлығы артады. Одан бөлек, мобильді телефонға бейнеүзік, фото түсірудің жолдары, тәсілі, тиімділігі мен пайдасы әңгімеленген семинарлар журналистер қауымы үшін таптырмас қазынадай әсер қалдырды. Себебі, білетініңді жаңғырта еске алу, білмегеніңді ұғыну әрбір маманға керек.

Екі күнге созылған пресс-турға қатысушылар Алакөл суының шипалылығы мен сергіткіш қасиетін де сезініп қайтты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

05.07.2026
Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.