Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ АУЫЛЫНА 800 ТҮП АЛМА АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

12 сәуір 2021
КҮНДЕРЕК
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ АУЫЛЫНА 800 ТҮП АЛМА АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданы Б.Сырттанов ауылының тұрғындары 800 түп алма көшетін отырғызды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақсу аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, көктем басталғалы өңір тұрғындары ағаш отырғызу ісіне белсене кіріскен. Бүгінге дейін аудан аумағында өрік, үйеңкі, қарағаш, алма, туя, қарағай, шырша көшеттері егіліпті. Жалпы биылғы жылы ауданда 12 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделген. Сол жоспарға сәйкес ауыл тұрғындары 800 түп алма ағашын егіп отыр.

Алма ағаштар ауылдың ішіндегі бос жатқан жерлерге, Ғ.Мұратбаев мектебінің ауласына, тұрғын үй аулаларына отырғызылды. Енді оларды күтіп баптау әкімдікпен бірге әрбір маманның, әр тұрғынның жауапкершілігінде.

— Жердің тоңы жібіген кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырақ жайған саялы баққа айналады. Біз жыл сайын  ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмыстарына тұрақты көңіл бөлеміз. Соның ішінде жеміс ағаштарына айрықша назар аударып отырмыз. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» дейді ғой. Енді сол ағаштарды күтіп-баптауды үлкендерден бастап балаларға дейін парыз санап, әр тұрғын жауапкершілікпен қараса, бұл іс өз жемісін береді ғой деп ойлаймын, — дейді Б.Сырттанов ауылдық округінің әкімі Бекзат Ермұханбетов.

Еске салсақ, Алматы облысында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы жүруде. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірдің елді мекендерінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі жол картасы бекітілген. Соның аясында жергілікті атқарушы органдар аумақты тазарту бойынша 3 сенбілік өткізіп, 19,3 мың көшет отырғызды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.