Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАШ АМАНАТЫ

2 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
АЛАШ АМАНАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан екі жыл бұрын қазақтың күнтізбесіне жаңа бір мереке енді. Тілші қауымы үшін бұл мейрамның орны ерекше. 2 ақпан –  ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ аталуында үлкен мән бар. Сонау ХХ ғасырдың басында 1913 жылы Алаш арыстары ұлт баспасөзінің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы санын жарыққа шығарды. «Қазақ» газеті  ұлттың үні, халықтың сөзі, үнпарағы, сана-сезімі мен намысын жанып, жаңа бір сілкініс әкелгені анық.

Әрине, бұған дейін де қазақ даласында газеттер жарық көрген. Тіпті тарихтан сыр шерткен Күлтегін, Орхон жазбалары Түркі әлемінің көне баспасөзі болды емес пе! Міне, содан бері халықпен біте қайнасып, көкірек көзін ашқан ақпарат саласы бүгінге дейін жалғасып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді. Ұлт зиялыларының үніне айналған ұлттық баспа күнінің қайта оралуы бүгінгі баспасөздің беделін асырмаса, аласартпасы белгілі. 
Ұлтты ұйыстыруға баспасөздің атқарар орны айрықша. Сөз бостандығына адалдығынан ай­нымаған басылымдар әрдайым шынайы ақ­­парат­тың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді. Дәл осы тұста облыстың тарихынан сыр шертетін қазыналы басылымның жылнамасы тағылымға толы, кемеліне келген зама­науи басылымға айналған үнпарақтың бірі – «Jetіsý»  газеті. Ғасырдан асқан басылымның негізгі бағыты да ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлтты ұйыстыруға бағытталған. Оқырманның,  халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қосып отырған бірден бір баспасөз парағы. Жалпы қазақ баспасөзі қашанда ұлттың үні, мемлекеттігіміздің тұғыры іспетті. Бұл мереке көптен бері көршілес Қырғыз, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеттерінде де ұлттық басылым күні болып аталып өтеді. Иә, кей кезде газет-журналдардың күні өшті, бүгінде дамыған заманның негізгі баспасөзі электрондық нұсқа деген пікірді де естіп жүрміз. Десек те, әлемдік баспасөз тарихында ойып орын алып, сонау ХІХ ғасырдың соңынан бері үздіксіз шығып келе жатқан қағаз басылымдар адамзатқа әлі де болса қызмет ете берері анық. Баспасөз – ұлт мәдениетінің айнасы! Әр заманның өзіндік талабы, тыныс-тіршілігі, оқырманға ұсынар тілегі бар. Бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір, баспасөздің беделі қай кезеңде де бәсеңдеген емес. Ұлт барда, ұлттық басылымның көші тоқтамайтыны ақиқат. Олай болса, ұлтқа ұлы мұратты жеткізіп, күндіз-түні тынымсыз ақпарат таратып, жан аямай еңбек етіп жүрген тілшілердің еңбегі ерек. Ақпарат майданында талмай қызмет атқарып жүрген барша әріптестерімізді ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІМЕН құттықтаймыз! 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ
Фото: aqparatqogam

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.