Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола

22.09.2025
КҮНДЕРЕК
Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола

Спортты дамыту дирекциясы

WhatsAppTelegramFacebook

13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загреб қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Биылғы дода алғаш рет Хорватияда ұйымдастырылып, еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен 30 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарысқа 76 елден 776 балуан қатысып, Қазақстан атынан 29 спортшы бозкілемге шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Еркін күрестегі қос қола

Қазақстан сапынан 61 келідегі Асылжан Есенгелді мен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов қола жүлдеге ие болды.
Жалпы еркін күресте жерлестеріміз 25 белдесу өткізіп (14 жеңіс, 11 жеңіліс), лайықты өнер көрсетті. Ал сенім артқан Ризабек Айтмұхан жарыстың алғашқы айналымында сүрінді.

Әйелдер күресінде жеңіс аз болды

Әйелдер құрамасы Загребтегі бәсекеде барлығы 10 белдесу өткізіп, тек бірінде ғана жеңіске жетті. 59 келідегі Виктория Хусаинова алғашқы айналымда мексикалық қарсыласынан басым түсті.
Ал көпшілік үміт артқан Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова жүлдесіз қалды. Құрама бас бапкері Қайрат Сағадиевтің айтуынша, психологиялық дайындық пен тәжірибенің аздығы негізгі себеп болған.

Грек-рим күресіндегі тарихи алтын

Қазақстан үшін басты сенсацияны 60 келіде сынға түскен Айдос Сұлтанғали жасады. Ол финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, 26 жылдан кейін грек-рим күресінен елімізге әлем чемпионы атағын сыйлады.
Бұл — Қазақстан тарихындағы алтыншы әлемдік «алтын». Бұған дейін:

  • 1999 жылы – Мхитар Манукян (63 келі)

  • 1998 жылы – Мхитар Манукян (63 келі), Бақтияр Байсейітов (76 келі)

  • 1997 жылы – Юрий Мельниченко (58 келі)

  • 1994 жылы – Юрий Мельниченко (57 келі) жеңіске жеткен еді.

Жүлде дәстүрі жалғасуда

Осылайша, қазақстандық балуандар қатарынан үшінші жыл әлем чемпионатынан алтынсыз оралмай отыр. 2023 жылы Сербияда Ризабек Айтмұхан, 2024 жылы Сербияда Нұрқожа Қайпанов жеңіс тұғырынан көрінсе, биыл кезек Айдос Сұлтанғалиға тиді.

Келесі әлем чемпионаты 2026 жылдың 5-13 қыркүйегінде Бахрейннің Манама қаласында өтеді.

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.