Талдықорған: +16°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРЕДІ

16.10.2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ Алматы облысына іссапары аясынд Талдықорғанға бет алып, алдымен индустриалды аймақтағы «Жетысу Мажико» агрокешені ЖШС-ның майлы дақылдар өңдейтін зауытына барды.

Кәсіпорынның тыныс-тіршілігі жайлы серіктестіктің бас директоры Элизбар Скокбаев қысқаша баяндады. Оның айтуынша, жобаның қуаттылығы тәулігіне 500 тонна майлы дақылдар өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын алынатын өнімнің сапасын жақсарту үшін дәнді дақылдарды өңдегенде германдық құрал-жабдықтардың көмегімен экономикалық та, экологиялық та жағынан тиімді болып саналатын экструзиялық технологияға жүгінеді. Бұл шикізатты қалдықсыз өңдеуге, қоршаған ортаға зиян тигізбеуге зор ықпал етуде. Жобаны іске асыруға 5,8 млрд.теңге инвестиция тартылған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов:

— Алматы облысы Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыруда алғашқы үштікке кіреді. Мұнда жаңа өнеркәсіптер ашылып, жаңа өнім түрлері шығарылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Оған сапар барысында көз жеткізіп отырмыз. Біздің ең басты мақсатымыз өз елімізді керекті өніммен қамтамасыз ету, содан кейін экспортқа шығару. Индустрияландыру картасының да басты мақсаты сол, — деді.

Облыс әкімі А.Баталов өз сөзінде ашылып жатқан өнеркәсіп орындарының шағын және орта бизнес нысандарының үлес-салмағын арттыруға, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін айтты. Мәселен, соңғы бес жылда шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнім көрсеткіші 3 есеге артып, бүгінде 32 пайызға жеткен. Республикада бұл көрсеткіш орта есеппен 28 пайыз екенін еске алсақ, бұл жағынан да Алматы облысы алдыңғы қатарда.

Министр бұдан әрі Талдықорғанның 8-шағынауданындағы көпқабатты үйлердің құрылысымен де танысты. «Бірлік» шағынауданында 5, 7, 9 қабатты 21 баспана тұрғызылуда.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің айтуынша, 2020 жылға тұрғын үй құрылысына бюджеттен 28,7 млрд.теңге бөлінген. Салынып жатқан 3258 пәтердің 1 661-і жалға, 1 506-сы несиеге, 91-і коммуналдық қолданысқа беріледі.

Айта кетерлігі, үй кезегінде 51,5 мың адам тұр. Оның ішінде, 7660-ы — көпбалалы отбасы. Одан бөлек, «7-20-25», «Шаңырақ 5-10-20» мемлекеттік бағдарламасына да көңіл бөлінген. 8-шағынаудандағы 21 үйдің құрылысы 2021 жылдың сәуір айында, 3 үй желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы жылдары бір операторлық жүйеге көшеміз. Ол жерде республикалық біркелкі кезек болады. Барлық категория бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар осы жүйе арқылы кезегін онлайн түрде көре алады. Осыны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Кезекті айналып өту сынды мәселелерге жол берілмейтіндігін де түсіндіру керек. Электронды кезек жүйесінде кезекті қандай да бір тәсілмен өзгерту мүмкін болмайды, – деген Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған мәселелерді халыққа жан-жақты түсіндіру қажеттігін айтты.

Отандық өнімді пайдалануды назарға алған министр жергілікті кәсіпкерлікпен тығыз байланыс орнатуды ұсынды. Одан бөлек, интернет, тележеліні жаңадан салынып жатқан пәтерлерге бірден орнату қажеттігін жеткізді. Егер белгілі бір өндіріс орнын ашамын деген азаматтар болса, олардың бастамасына жан-жақты қолдау білдіру керектігін де айтты.

Келесі кезекте «Қайнар АҚБ» зауытының жұмысымен танысқан Бейбіт Бәкірұлы қорғасынды қайта құю, ескі аккумуляторларды механикалық бұзу, өнімді балқыту және құю цехтарының жұмысын көрді. Жұмыс процесімен таныстырған зауыт директоры Қуаныш Ажмағамбетовтің айтуынша, бүгінгі күні зауытта 2 мыңға жуық адам қызмет етеді. Жұмыс үш ауысымды. Күніне 13 мың аккумулятор жасап шығарылады. Айлық сұраныс 485 мыңды құрайды.

– Карантин кезінде де жұмысты тоқтатпай, 1270 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. 85 пайыз өнімді экспортқа шығарамыз. Тауар Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Украина, БАӘ сынды 15 мемлекетке экспортталады. 2020 жылы 2500 мың дана аккумулятор шығарылады деп күтілуде. Оның 1550 мыңы сыртқы нарыққа, 950 мыңы ішкі нарыққа бағытталады, – деген Қуаныш Мәдиұлы 2021 жылы шығарылатын аккумулятор санын 500 данаға көбейтуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде жұмыс барысымен танысып, қызметкерлермен әңгімелескен министр:

– Елімізде шығарылатын қорғасынның бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыс жасаймыз. Бұл – бірінші мәселе, яғни, реттеу шаралары. Екінші сұрақ – аккумулятор экспорты. Сыртқы нарық бойынша бағдарлама ойластыруымыз керек. Бүгінгі күні 140 мың тонна қорғасынды экспорттағаннан 270 млн.доллар пайда табамыз. Егер біз бұл көлемдегі қорғасыннан 10 млн.-нан артық аккумулятор шығарсақ, еліміз 680 млн.доллар табады. Нәтижесінде, 400 млн.-нан астам валюта ел қазынасына түседі. Одан бөлек, қосымша 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – дей келе, осы мәселені пысықтауды тапсырды.

Министрдің Жетісу аймағындағы іссапары ертең Кербұлақ және Іле аудандарында жалғасады деп күтілуде.

Сағыныш НАМАЗШАМОВА

Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Путинді Астана әуежайында өзі қарсы алды: мемлекеттік сапар басталды

Тоқаев Путинді Астана әуежайында өзі қарсы алды: мемлекеттік сапар басталды

27.05.2026
Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

27.05.2026
Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

27.05.2026
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

27.05.2026
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.