Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысында жер дүмпуі тіркелгенін хабарлады.
«26 мамыр, 2022 жылы, сағат 21:50-де Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Энергетикалық класы – 11.1.MPV, магнитудасы — 5.5. Координаттары — 42 гр. Тереңдігі — 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы, Медеу, Қорам, Түрген, Қотырбұлақ елді мекендерінде 2-3 балл», — делінген департамент хабарламасында.
Жер сілкінісі бойынша құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы хабарлама түскен жоқ.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





