Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы аумағында жер сілкінгенін хабарлады.
Сейсмологиялық станция желісі 28 наурыз күні таңғы сағат 6:32-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы — Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында (Кербұлақ, Іле аудандары) орналасты.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.4. MPV магнитудасы — 4,9. Тереңдігі — 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





