Талдықорған: +5°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ 12 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

9 қазан 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ 12 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының жолдарында «Автоураган» кешені өз жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының саны 12,0 пайызға төмендеген. Ал өліммен аяқталған жол апаты 19,9 пайызға, жарақат алғандар саны 11,4 пайызға азайып отыр.

— Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, патрульдеу бағыттары қайта қаралып, олардың қашықтығы жартысына дейін қысқартылды, нәтижесінде, нарядтардың тығыздығы екі есеге артты. Қозғалыс барынша қарқынды Алматы қаласының маңындағы автожолдарда 10 «Автоураган»  автоматтандырылған бағдарламалық кешенінің жұмысы қалпына келтірілді. Бүгінде облыс бойынша 26 кешен жұмыс істейді. Сонымен қатар, техникалық құралдармен анықталған құқықбұзушылықтар саны 17 мыңнан 127 мыңға дейін өсті. Олардың жұмысының тиімділігі ескеріле отырып, биыл апатты-қауіпті учаскелерде тағы 20 бекет орнатылады. «MESTA FUSION» француз өндірісінің 60 бағдарламалық кешені Алматы – Талдықорған автожолында мемлекеттік-жекешелік серіктестік тәртібімен орнатылатын болады, — деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Бүгінде республикалық маңызы бар жолдарда, жаяу жүргіншілер өткелдері мен бұрылыстарда 4 мың 700 жарық шағылыстырғыш катафот, дөңгелекті соқпақ брустарда — 5 мың 600 «Кедергіні айналып өту» жол белгілері орнатылған. «Алматы-Қапшағай» бетон автожолында қысқы кезеңде шиналардың жолға ілінуін жақсартуға мүмкіндік беретін эмульсиялы-минералды қоспа жабыны төселген. Бұдан бөлек, «Алматы-Талғар-Бәйдібек би» автожолының көлік жүретін бөлігі кеңейтілген.

— Сонымен қатар, білім беру объектілерінің жанындағы 258 учаскеде ақ-сары түсті гаммада жол таңбасы салынып, 25 учаскеде жасанды жол кедергісі орнатылды. Бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталды (Қарасай ауданындағы Шамалған стансысында), тағы екеуі келесі жылы Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында аяқталады. Сондай-ақ, республикалық трассаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылдамдық өлшегіштер мен «Крис-П» кешенін пайдалану жандандырылды, — деп толықтырды генерал-майор С.Күдебаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.